Ауыл шаруашылығындағы реформаларды тереңдету жөнiндегi жұмысты жандандыру және ауыл шаруашылығы өнiм өндiрушiлерi ұйымдарын қаржылық сауықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы облыстарының әкiмдерiмен өткiзiлген кеңестiң 1998 жылдың 10 ақпандағы N 20-26/6-36 хаттамалық шешiмiне сәйкес құрылған Республикалық жұмыс тобы Ауыл шаруашылығындағы экономикалық реформаларды жүзеге асыру және дәрменсiз ауыл шаруашылығы ұйымдарын қаржылық сауықтыру мәселелерi жөнiндегi үлгi ұсынымдарды iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
2. Аймақтарда түсiндiру жұмыстарын жүргiзу және жүргiзiлiп жатқан реформалардың барысын бақылау үшiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жауапты қызметкерлерiнiң арасынан қосымшаға сәйкес ведомствоаралық жұмыс топтары құрылсын.
3. Облыс әкiмдерi аталған топтардың алдына қойған мiндеттердi жүзеге асыруы үшiн қажеттi жағдайлар жасасын.
4. Облыстардың, аудандардың әкiмдерi:
1) Ауыл шаруашылығындағы экономикалық реформаларды жүзеге асыру және дәрменсiз ауыл шаруашылығы ұйымдарын қаржылық сауықтыру жөнiндегi үлгi ұсынымдарды және жинақталған тәжiрибенi пайдалана отырып, ауыл шаруашылығындағы экономикалық реформаларды жүзеге асыру жұмысын жеке басқаратын болсын және оны жергiлiктi жерлерде ұйымдастырылған жұмыс топтарының күшiмен ұйымдастырсын;
2) он күн сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiне ауыл шаруашылығындағы экономикалық реформалардың жүзеге асырылу барысы туралы облыстар бойынша жиынтық есеп ұсынатын болсын.
5. Селодағы өзгерiстердi түсiндiру және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi қаржылық сауықтыру жөнiндегi жұмыстарды қоса алғанда, тұтастай алғанда республика бойынша агроөнеркәсiп кешенiнде жүргiзiлiп жатқан өзгерiстер, реформалардың толыққанды және нәтижелi болуы үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне
жүктелсiн.
6. Қазақстан Республикасының ведомстволары өз құзыретiне сәйкес
жұмыс топтарына жүктелген мiндеттерiн орындауына қажеттi жедел көмек
көрсететiн болсын.
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары Ж.С.Кәрiбжановқа жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 25 ақпандағы
N 139 қаулысына
қосымша
Селодағы экономикалық реформаларды тереңдету және
дәрменсiз ауыл шаруашылығы құралымдарын қаржылық
сауықтыру мәселелерi бойынша аймақтарға шығатын
ведомствоаралық жұмыс топтарының
ҚҰРАМЫ
Алматы және Оңтүстiк Қазақстан облыстары
Қосынов Т.О. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлiгiнiң Орман және аң шаруашылығы
комитетiнiң төрағасы, жетекшi
Тасқожин А.Ш. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлiгiнiң басқарма бастығы
Захарченко С.Г. - МемжерҒӨО-ның бас маманы
Икранбеков А.З. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi
Кеңсесiнiң жауапты қызметкерi
Қызылорда және Жамбыл облыстары
Байғабылов А.А. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлiгi Департаментiнiң директоры
Кетркеева Р.М. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлiгiнiң бөлiм бастығы
Әбдiлманов Ж. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару
жөнiндегi комитетiнiң бас маманы
Ыбрайымжан-ұлы Р. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi
Шәкенов М.К. - Кеңсесiнiң жауапты қызметкерлерi
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары
Оспанов Б.С. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару
жөнiндегi комитетiнiң төрағасы, жетекшi
Алшынбаев Е.Ж. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлiгiнiң бөлiм бастығы
Тәжмағамбетов Т.Қ. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару
жөнiндегi комитетiнiң бөлiм бастығы
Жұмабеков С.Б. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi
Кеңсесiнiң жауапты қызметкерi
Атырау және Маңғыстау облыстары
Сәрсенбеков Т.Т. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi
комитетiнiң төрағасы, жетекшi
Жақыпов А.С. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлiгiнiң бөлiм бастығының орынбасары
Тiлеубаев А.Ғ. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару
жөнiндегi комитетiнiң бас маманы
Ержанов С. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi
Кеңсесiнiң жауапты қызметкерi
Қостанай облысы
Кулагин С.В. - Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрi, жетекшi
Дауылбаев О. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлiгi Департаментi директорының
орынбасары
Жүсiпов С.А. - "Ақмола Гипрозем" бөлiм бастығының
орынбасары
Самусев Ю.М. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi
Оңаев А.Ы. - Кеңсесiнiң жауапты қызметкерлерi
Солтүстiк Қазақстан облысы
Кулагин С.В. - Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрi, жетекшi
Халилов Я.М. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлiгi Департаментiнiң
директоры
Рябуха Н.Н. - Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрлiгiнiң Жер
ресурстарын басқару жөнiндегi
комитетiнiң бөлiм бастығы
Самусев Ю.М. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi
Кеңсесiнiң жауапты қызметкерi
Ақмола облысы
Нұрқиянов Т.М. - Қазақстан Республикасы Президентi
Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк инспекторы,
жетекшi
Сизов А.П. - Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрлiгiнiң Жер
ресурстарын басқару жөнiндегi
комитетi төрағасының орынбасары
Есiркепов Р.Т. - МемжерҒӨО-ның сектор меңгерушiсi
Сағиев Ғ.Т. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi
Кеңсесiнiң жауапты қызметкерi
Қарағанды облысы
Нұрқиянов Т.М. - Қазақстан Республикасы Президентi
Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк инспекторы,
жетекшi
Сизов А.П. - Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрлiгiнiң Жер
ресурстарын басқару жөнiндегi
комитетi төрағасының орынбасары
Есiркепов Р.Т. - МемжерҒӨО-ның сектор меңгерушiсi
Дмитриев О.В. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi
Кеңсесiнiң жауапты қызметкерi
Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары
Отаров К.М. - Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы вице-министрi, жетекшi
Гусев В.Г. - Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрлiгi Департаментi
директорының орынбасары
Кәрiмов Ш.М. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару
жөнiндегi комитетi бөлiмi бастығының
орынбасары
Жұмағұлов М.Б. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi
Кеңсесiнiң жауапты қызметкерi