Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 30 қаңтар N 55. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.21. N 1433 қаулысымен. ~P991433

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есеп туралы" Заң күшi бар Жарлығын iске асыру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасында Бухгалтерлiк есеп пен аудиттi дамыту мен жетiлдiрудiң 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi үш ай мерзiмде осы бағдарламаны iске асыру жөнiндегi шараларды бекiтсiн.
      3. Облыстардың, Ақмола және Алматы қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен аудиттi дамытудың және жетiлдiрудiң 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етсiн.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң   
1998 жылғы 28 қаңтардағы
N 3838 Жарлығымен  
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасында Бухгалтерлiк есеп пен
аудиттi дамыту мен жетiлдiрудiң 1998-2000 жылдарға
арналған мемлекеттiк бағдарламасы

I бөлiм. Кiрiспе

      Қазақстан Республикасында Бухгалтерлiк есеп пен аудиттi дамыту мен жетiлдiрудiң 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан былай - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң бухгалтерлiк ақпаратты қалыптастырудың және қаржылық есептiлiктi табыс етудiң заңдық негiздерiн айқындайтын 1995 жылғы 26 желтоқсандағы "Бухгалтерлiк есеп туралы" Заң күшi бар N 2732  Жарлығын жүзеге асыру мақсатында әзiрлендi. Бағдарламаның негiзгi бағыттары бухгалтерлiк есеп стандарттарын және осындай есептi компьютерлендiру мәселелерiн, iшкi бақылауды, тәуелсiз аудиттi дамытудың, кәсiпқой бухгалтерлер институтын құру проблемаларын, сондай-ақ бухгалтерлiк есеп пен аудит саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелерiн қамтитын бухгалтерлiк есеп пен аудиттi дамытудың бiртұтас әдiснамалық тұжырымдамасын әзiрлеу болып табылады.
      Бухгалтерлiк есеп пен аудиттi дамыту тұжырымдамасы заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң бухгалтерлiк есебiнiң негiзiн, қаржылық есептiлiктi қалыптастыру, табыс ету және жариялау тәртiбi мен тәсiлдерiн айқындауға, республиканың бухгалтерлiк есеп жүйесiнiң халықаралық жүйеге кiрiгуiне, сондай-ақ осы жүйенiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң деңгейiнде үйлестiрiлуiне жәрдемдесуге тиiс.
      Бастапқы есепке алу әдiснамасын жетiлдiру - халықаралық есепке алу ережелерiн енгiзу тұтқаларының бiрi. Жоспарлы экономикада статистикалық ақпарат тек бастапқы бухгалтерлiк есепке алу деректерiнде қалыптасты және соған негiзделдi.
      Сонымен қатар статистиканы халықаралық тәжiрибе арқылы танылған әдiснама негiзiнде реформалау, iлкi құжаттардың нысандарына ең төменгi талап қою құқығын мемлекетке бере отырып, бастапқы есепке алу деректерiн қолданудың бұрынғы әдiстерiнен бас тартуды талап етедi.
      Бұл ретте барлық пайдаланушыларға табыс етiлген қаржылық есептiлiктiң дұрыстығын қуаттауға мүдделi аудит елеулi рөл атқарады.
      Бағдарламаны әзiрлеудiң қажеттiгi, сондай-ақ өтпелi кезеңде бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында меншiктiң әр түрлi нысандарындағы субъектiлер үшiн мемлекеттiк саясатты мемлекет бақылауымен жүзеге асыру қажеттiгiмен де байланысты, осыған орай аталған субъектiлер үшiн бухгалтерлiк есептiң тиiстi стандарттарын әзiрлеу және бекiту талап етiледi.
      Нарық құралдарының дамуына, бухгалтерлiк есеп пен аудит саласындағы мамандардың бiлiктiлiгiнiң артуына, теориялық негiздердiң талдануына, бухгалтерлердiң кәсiптiк одақтары мен қауымдастықтарының қалыптасуына, экономиканың тұрақтануына, өндiрiс пен халықтың әл-ауқатының өсуiне қарай, бухгалтерлiк есеп пен аудит мәселелерiн реттеу жөнiндегi кейбiр функцияларды мемлекеттiк органдардан мемлекеттiк емес кәсiптiк ұйымдарға беру орын алады.

II Бөлiм. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

      Бағдарламаның негiзгi мақсаты түбегейлi экономикалық өзгерiстер, халықаралық байланыстарды кеңейту және Қазақстан Республикасының әлемдiк қауымдастыққа кiрiгуi талаптарына жауап беретiн, субъектiлердi пайдаланушыларға бағдарланған қажеттi қаржылық ақпаратпен қамтамасыз ететiн жаңа бухгалтерлiк есеп жүйесiн әзiрлеп, енгiзудi, сондай-ақ бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында мамандардың кәсiби бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз ету болып табылады.
      Осы мақсатты iске асыру үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделедi:
      Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен аудиттi дамыту және жетiлдiру жөнiндегi жұмыстар кешенiн орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есептiң жаңа жүйесiне көшудi жеделдету;
      бухгалтерлiк ақпараттың мәнi мен мақсатына деген көзқарасты жетiлдiру;
      зерттеулер жүргiзу, субъектiлердiң бухгалтерлiк есебiнiң жай-күйi мен ұйымдастырылуына талдау жасау;
      бухгалтерлiк есеп пен аудит мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердiң әзiрленiп, қабылдануын қамтамасыз ету;
      бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында заң және басқа да
нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
      кәсiпқой бухгалтерлер мен аудиторларды нарықтық экономика
талаптарына сай қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру
жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;
      бухгалтерлер мен аудиторларды сертификаттау;
      аудиторлық қызметтi лицензиялау;
      бухгалтер мамандығына қойылатын жаңа талаптарды түзу;
      бухгалтерлiк есеп деректерiн салық салу мақсатында негiз
ретiнде айқындау.

III. Бөлiм. Бухгалтерлiк есеп пен аудиттi дамыту
тұжырымдамасы

I Тарау. Жалпы ережелер

      Қазақстан Республикасында есеп пен есептiлiктiң күллi жүйесiн кешендi түрде қайта қарау және оны халықаралық ережелерге сәйкес дамыту мен жетiлдiру көп жылдық тәжiрибенi барынша пайдаланумен және әлемдiк тәжiрибелерге қайшы келмейтiн де әрi оны байыта түсетiн әдiстердiң, құралдар мен әдiснамалық шешiмдердiң сақталуымен үйлесуге тиiс.
      Халықаралық тәжiрибеге негiзделген бухгалтерлiк есеп пен аудиттiң жаңа жүйесiн әзiрлеу мен енгiзудiң бiрiншi кезеңiнде бухгалтерлiк есеп пен аудит стандарттарына көшудiң негiзiн қалаған шаралар кешенi жүзеге асырылды.
      Мәселен, бiрiншi кезекте бухгалтерлiк есеп пен аудиттiң жаңа жүйесiнiң әдiснамалық, ұйымдық, заңдық және басқа негiздерiмен байланысты маңызды мәселелерiн шешуге арналған "Бухгалтерлiк есеп туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы әзiрленiп, қабылданды.
      Қаржылық есептiлiктi дайындауға және табыс етуге арналған тұжырымдамалық негiз, бухгалтерлiк есептiң жиырма жалпы стандарты, субъектiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есебi шоттарының бас жоспары әзiрленiп, бекiтiлдi.
      Аудиторлық қызмет қазiргi кезде 1993 жылы қабылданған "Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы" "Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi. Халықаралық талаптарды және осы Заңмен аудиторлық қызметтiң реттелуiнiң төрт жылдық тәжiрибесi ескерiле келiп, оған аудиторлық қызмет ұғымын, осы қызметтiң негiзгi принциптерiн айқындауға, аудит саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтуге, сондай-ақ аудиторлық қызметтi аттестациялау мен лицензиялауды ұйымдастыруға қатысты принциптi өзгерiстер енгiзудiң объективтi қажеттiгi пайда болды.
      Бухгалтерлiк есеп стандарттарының, бухгалтерлiк есеп шоттары бас жоспарының, жаңа компьютерлiк есеп технологияларының әзiрленiп, енгiзiлуi бастапқы есеп құжаттамасының бiрiздi нысандарының жиынтығын қайта қарауды қажет етедi. Бұл орайда бастапқы есеп құжаттамасын жасауға қойылатын ең төменгi талаптарды әзiрлеп, бекiту әрi бұдан былай ұйымдарда бастапқы есеп құжаттарын енгiзу жөнiндегi жұмысты жүргiзу керек.
      Бухгалтерлiк есеп пен аудит стандарттарының iшкi қисынды жүйесiн дәйектi түрде әзiрлеу Қазақстанның жалпы есеп жүйесiн өтпелi кезең экономикасының талаптары мен ерекшелiктерiне сәйкестендiрудi қамтамасыз етедi.
      Бұл үшiн мыналар қажет:
      бухгалтерлiк есеп пен аудиттi дамытудың тұжырымды мәселелерiн пайдаланушылардың жалпы қажетiн қанағаттандыруға бағытталған қаржылық ақпаратты қалыптастыруды және оның дұрыстығын растауды қамтамасыз ету негiздерi ретiнде айқындау;
      бухгалтерлiк есептiң, қаржылық есептiлiктiң, аудиттiң ұйымдастырылуы мен әдiснамасын айқындайтын бухгалтерлiк есеп стандарттары мен ұсынымдар жүйесiн құру, сонымен отандық және шетелдiк мамандардың есеп және есептiлiк ақпараттарын түсiнудегi айырмашылығын жою;
      аудиттiң ұйымдастырылуы мен әдiснамасын халықаралық талаптарға сәйкес айқындайтын аудит стандарттарын әзiрлеу.
      Аталған мақсаттарға қарай:
      бухгалтерлiк есеп пен аудит теориясының (негiздерiнiң)
тұжырымдамасын;
      қаржы және басқару есебiнiң тұжырымдамасын әзiрлеу керек.
      Сонымен бiрге бухгалтерлiк есеп пен аудит мынадай бағыттарда
дамуға тиiс:
      кәсiпкерлiк iсiндегi бухгалтерлiк есеп;
      бюджет қаражаты есебiнен қамтылған ұйымдардағы бухгалтерлiк
есеп;
      коммерциялық емес ұйымдардағы бухгалтерлiк есеп;
      iшкi бақылау және тәуелсiз аудит;
      бухгалтерлiк есептi компьютерлендiру.

2 Тарау. Кәсiпкерлiк iсiндегi бухгалтерлiк есеп

1 бөлiк. Жалпы ережелер

      Iстiң жай-күйi
       Республика үшiн бухгалтерлiк есептiң неғұрлым қолайлы үлгiсiн анықтау үшiн әлемнiң экономикалық жағынан дамыған елдерiнiң бухгалтерлiк есеп жүйелерi зерделендi.
      Бiздiң елiмiзде мемлекеттiк және жеке меншiкке негiзделген нарықтық экономиканың қалыптасып келе жатқанына, шаруашылық субъектiлерi үшiн айналымдық қаражаттың негiзгi көзi инвестициялар болатынына қарай, сондай-ақ субъектiлердiң әлемдiк рынокта өздiгiнше шығу мүмкiндiгiн ескере келе, Қазақстан экономикасының дамуы үшiн неғұрлым қолайлы үлгi негiзiне Бухгалтерлiк есептiң халықаралық стандарттары алынған бухгалтерлiк есептiң үлгiсi болып табылады. Бухгалтерлiк есептiң осындай стандарттарына көшудiң негiзiн салған шаралар кешенi Қазақстанда жасалған. Сонымен бiрге ел экономикасы салаларының ерекшелiктерiн бейнелейтiн бухгалтерлiк есеп стандарттарын қосымша әзiрлеу қажет.
      Қор рыногының қалыптасуы мен дамуы, жекешелендiрудi жүргiзу, дәрменсiз шаруашылық субъектiлерiн оңалту, шаруашылық жүргiзудiң және басқа да көптеген аспектiлерi қаржылық ақпараттың сапасын рынок субъектiлерiнiң қаржы-экономикалық мүдделерiне сәйкес келтiру мәселелерiн алға тартып отыр.
      Сондай-ақ шағын бизнестi қолдау және оған жан-жақты көмек көрсету жөнiндегi арнаулы бағдарламаны iске асыру мақсатында есеп пен салық салу жүйесiн жеңiлдетуге мүмкiндiк беретiн бухгалтерлiк есеп рәсiмдерiн әзiрлеу қажет.
      Мақсат
       Ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiн объективтi бағалауға және дұрыс қаржылық есептiлiк құрастыруға мүмкiндiк беретiн бухгалтерлiк есептiң бiртұтас әдiснамалық тұжырымдамасын жасау, бухгалтерлiк есеп стандарттарын әзiрлеу қажет.
      Негiзгi iс-шаралар
       Бухгалтерлiк есептi дамыту мен жетiлдiру қаржылық ақпаратты қалыптастырудың тұжырымдамалық негiзi мен бухгалтерлiк есептiң стандарттарына қосымша мыналарға:
      жеке сектордың субъектiлерiне:
      мемлекеттiк сектордың кәсiпорындарына арналған бухгалтерлiк есеп стандарттарын әзiрлеудi талап етедi.
      Бухгалтерлiк есеп пен аудит стандарттарының және әдiснамалық ұсыныстардың тұжырымдамасы есептiң негiзгi ұғымдары мен қағидалары кешенiнен туындауға тиiс, олар мыналарды қамтиды:
      аталған стандартқа қатысты анықтамалар, олардың экономикалық мазмұны және есеп пен есептiлiкке қатысты нақтылау;
      - шаруашылық операцияларын құжаттау, оларды ағымдық бақылау, өлшеу және тiркеу;
      - есептiк ақпаратты жүйелеу мен қорытудың жалпы қағидаларын қолдану;
      - қаржылық есептiлiкте көзделген тұрғыда бухгалтерлiк есеп шоттарындағы шығарылатын ақпаратты қалыптастыру;
      - субъектiнiң бухгалтерия қызметкерлерi мен басқару қызметкерлерi және басқа тұтынушылар оны тiкелей пайдалануы үшiн есептiлiктi ашу;
      қаржылық есептiлiкте көрсетiлген қаржылық ақпараттың дұрыстығын растайтын рәсiмдер негiзiнде есептiң әдiснамасы мен қаржылық есептiлiктi қалыптастыруды бейнелейтiн стандарттың мазмұны.
      Бастапқы құжаттарды өңдеу принциптерi түрлерiнiң өзгеруiне, шаруашылық операциялары ағымының ұлғаюына қарай бухгалтерлiк есептi толық компьютерлендiру қажеттiгi туындайды. Сонымен бiр мезетте бастапқы есеп құжаттарын бухгалтерлiк есептiң реформаланған жүйесiнiң талаптарына сәйкес қайта қарау қажет.

2 бөлiк. Жеке сектор субъектiлерiнiң бухгалтерлiк
есеп стандарттары

      Коммерциялық ұйымдар есебiнiң әдiснамасын айқындайтын бухгалтерлiк есеп стандарттары:
      Материалдық емес активтер (ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындар, санаткерлiк меншiк және т.б.);
      заемдар бойынша шығындар;
      баланстық есеп беру күнiнен кейiн орын алған күтiлмеген оқиғалар мен шаруашылық қызмет оқиғаларын бейнелеу жөнiндегi стандарттар;
      мемлекеттiк субсидияларды есептеу стандарттары;
      заңды тұлғаларды қайта құру кезiндегi есеп стандарттары;
      бухгалтерлiк есептiң салалық ерекшелiктер мен қызмет өзгешелiгiн (ауыл шаруашылығындағы, қаржы ұйымдарындағы есеп) бейнелейтiн арнаулы стандарттар және басқалар.
      Коммерциялық емес ұйымдардағы есептiң әдiснамасын айқындайтын бухгалтерлiк есеп стандарттары:
      коммерциялық емес ұйымдардағы бухгалтерлiк есептiң әдiснамасы мемлекеттiк кәсiпорындардағы есеппен бiрдей, өйткенi мұндай ұйымдардағы бухгалтерлiк есептiң негiзгi үлгiсi әрбiр қор үшiн оқшауланған, сондықтан активтер мен мiндеттемелердi нақтылап бөлудiң қажеттiгi жоқ;
      бухгалтерлiк есеп жүйесi шоттардың арнайы таңбаланған жоспары тиiсiнше пайдаланылған кезде әрбiр қордың таза активтерiн бөлмей әрбiр қор үшiн дербес бухгалтерлiк есеп жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi. Коммерциялық емес ұйымдардың кiрiстерi мен шығыстары қаржылық есеп беру мақсатына сәйкес келетiн әдiс бойынша есептеледi. Бұл үшiн коммерциялық емес ұйымдардың қызметiн есептеудiң өзгешелiгiн көрсетiлгендей стандарттар әзiрлеу қажет.
      Жеке кәсiпкерлiк iс есебiнiң әдiснамасын айқындайтын бухгалтерлiк есеп стандарттары:
      жеке кәсiпкерлiк саласында қаржылық ақпаратты қалыптастыруды жеңiлдету үшiн есептiк құжаттамада шаруашылық операцияларын бейнелеу тәртiбiн айтарлықтай жеңiлдету және оның көлемiн қысқарту қажет. Бұл үшiн мынадай ережелер:
      есеп саясатының барлық талаптары сақталып өзiндiк өндiрiс пен басқару мұқтаждарына, оның көлемiне және қызметкерлердiң санына қарай бухгалтерлiк есептiң оңайлатылған нысанын жүргiзу құқығын беру;
      бiрыңғай әдiснамалық негiз (екi рет жазу принципi);
      аналитикалық және синтетикалық есеп деректерiнiң өзара байланысы;
      бастапқы есеп құжаттарының негiзiнде тiзiмдемелерде барлық шаруашылық операцияларын жаппай көрсету;
      бастапқы құжаттардың деректерiн бухгалтерлiк есептi жасауға қажеттi көрсеткiштер тұрғысында жинақтау және жүйелеу;
      шағын бизнестiң мұқтаждары бойынша активтердiң, мiндеттемелердiң, өзiндiк капиталдың есебiн жүргiзуге мүмкiндiк беретiн бухгалтерлiк есеп шоттарының бас жоспары негiзiнде субъектiнiң қаржы-шаруашылық қызметi бухгалтерлiк есеп шоттарының бас жоспары негiзiнде субъектiнiң қаржы-шаруашылық қызметi бухгалтерлiк есебi шоттарының жұмыс жоспарын талдап жасау ескерiле отырып, бухгалтерлiк есеп стандарттары мен оларға арналған әдiснамалық ұсыныстарды әзiрлеу қажет.

3 бөлiк. Мемлекеттiк кәсiпорындардың бухгалтерлiк есеп
стандарттары

      Республика заңдарына сәйкес мемлекеттiк кәсiпорындар:
      шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген;
      жедел басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiпорындар болып бөлiнедi.
      Шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорындар бухгалтерлiк есептiң жалпы стандарттарын, сондай-ақ мұндай субъектiлер қызметiнiң ерекшелiгiн көрсететiн арнаулы бухгалтерлiк есеп стандарттарын басшылыққа алуға тиiс.
      Қазыналық кәсiпорындар жекеше сектор кәсiпорындарының бухгалтерлiк есеп стандарттарын да, мемлекеттiк кәсiпорындардың бухгалтерлiк есеп стандарттарын да пайдалана алады.
      Мемлекеттiк кәсiпорындарда бухгалтерлiк есеп стандарттары жүйесi мемлекеттiк кәсiпорындардың қаржылық жағдайын және қаржылық қызметiнiң нәтижелерiн қалтқысыз бейнелеуге және қаржылық мәселелерi реттейтiн заң ережелерiне сәйкес болуға тиiс.
      Осы кәсiпорындардың қаржылық есептiлiгiнiң күллi мақсаты есептi болу тұжырымдамасында айқындалады.
      Сонымен, мемлекеттiк кәсiпорындар үшiн:
      қаржылық есептiлiк түрiн айқындайтын;
      өндiрiс шығасысын есепке алу тәртiбiн айқындайтын;
      кiрiстердiң белгiлi бiр түрлерiн (кiрiстердi, гранттарды, субсидияларды, үлестiк түсiмдердi) және басқаларды есепке алу стандарттарын әзiрлеу қажет.

3 Тарау. Бюджет қаражаты есебiнен қамтылған ұйымдардың
бухгалтерлiк есебi

      Iстiң жай-күйi
       Мемлекеттiк қаржыны жүргiзудiң халықаралық практикасына негiзделген, кiрiстер мен шығыстардың жаңа бюджеттiк сыныпталуына сәйкес қаржы операцияларын есепке алу үшiн бюджет жүйесiнде қолданылатын және мұндай ұйымдардың бухгалтерлiк есебiне тиiстi өзгерiстер енгiзудi талап ететiн Шоттардың бiрыңғай стандарттық жоспары әзiрлендi.
      Сондай-ақ бiр мезгiлде мемлекеттiк басқаруға арналған шығыстарды мейлiнше кемiте отырып, мемлекеттiк қызметтердiң реттi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi ресурстарды бюджеттiк ұйымдардың уақытылы алуы арқылы мемлекеттiк ресурстарды оңтайлы қаржылық басқаруға жәрдемдесуге арналған ұлттық Қазынашылықтың құрылымы айқындалды. Қазынашылықтың маңызды функциясы бухгалтерлiк есеп болып табылады, ол қаржы мәселелерi бойынша мемлекеттiк басқару органдарының ақпараттық жүйесiне айналуға тиiс.
      Мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк басқару функциясымен қатар коммерциялық қызметтi де жүзеге асыратынын атап өту керек. Мұның өзi есеп пен есептiлiктiң әр түрлi ережелерiнiң әзiрленуiне алып келедi. Халықаралық есеп практикасында коммерциялық қызмет үшiн әзiрленiп, белгiленген қаржылық есептiлiк мақсаттарын бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар үшiн де пайдалануға болатыны танылған. Мәселен, Қаржылық есеп стандарттары жөнiндегi кеңес мәлiмдеген бухгалтерлiк есептiң көптеген принциптерi мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын коммерциялық қызметке қолдануға келедi.
      Бюджеттiк ұйымдардың қаржылық есептерi осындай ұйымдардың қабылданған бюджетке сәйкес келетiн қаражатты анықтауы, алуы және пайдалануы әрi қаржы мәселелерiне қатысы бар заң талаптарын аталған ұйымның орындауы үшiн негiздi қамтамасыз етуге тиiс.
      Осы орайда мемлекеттiк ресурстарды басқаратын тұлғалардың есептi болуы мен заңға тәуелдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекет мүлкiн есепке алудың бухгалтерлiк рәсiмдерiн нақты жiктеуге мүмкiндiк беретiн бухгалтерлiк есеп стандарттарын әзiрлеу қажеттiгi туындайды.
      Мақсаты
       Бюджеттiк ұйымдардың қаржылық есептiлiгiн түзген кезде есептi болу негiзгi мақсат ретiнде айқындалады. Осы орайда қаржылық есептiлiк:
      бюджеттiк ұйымдарға - жариялы түрде есептi болуға және пайдаланушылардың есептi болу дәрежесiн бағалау мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге;
      пайдаланушыларға - осындай ұйымдардың жыл бойындағы қызметiнiң нәтижелерiн және осындай ұйымдардың көрсетуi мүмкiн қызметтер сапасының деңгейiн, сондай-ақ өз мiндеттемелерi бойынша олардың жауап беру қабiлетiн бағалауға жәрдемдесуге тиiс.
      Қаржылық есептiлiк пайдаланушылардың топтарына ағымдағы кезеңнiң шығыстары қандай дәрежеде ағымдағы кезеңнiң кiрiстерiмен жабылатынын анықтау мүмкiндiгiн қамтамасыз еткен кезде есептi болудың дәрежесiн бағалау iшiнара жүзеге асырылады.
      Негiзгi шаралар
       Қаржылық есептiлiктi қалыптастыруға және бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың оларды пайдалануына арналған бухгалтерлiк есеп принциптерi мен әдiстерiн айқындау қажет.
      Соларға сәйкес қорлардың және шоттар тобының қаржылық қызметiнiң қаржылық жағдайы мен нәтижелерiн ашу рәсiмдерiн әзiрлеген және сипаттап жазған жөн.
      Сондай-ақ түсiмдер мен бюджет қаражатын жұмсау жазбаларының, тұтастай алғанда мемлекеттiк мүлiктiң есебiн, соның iшiнде:
      бюджет қаражатын пайдалануды;
      коммуналдық меншiк қаражатының және басқа қаражаттың пайдаланылуын;
      бюджет жүйесiнде Шоттардың бiрыңғай стандартты жоспарының кезең-кезеңмен енгiзiлуiн;
      бухгалтерлiк есептiң жаңа жүйесiнде жұмыс iстеу жөнiнде мамандарды оқыту мен қайта даярлауды қоса, орталықтандырыла жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн бухгалтерлiк есептiң кiрiктiрiлген жүйесiн құру қажет.

4 Тарау. Бухгалтерлiк есептi компьютерлендiру

      Бухгалтерлiк есептi компьютерлендiру ұйымдардағы есеп жұмысын жолға қоюға жаңа сапалық негiзде елеулi ықпал жасайды, бастапқы құжаттарды өңдеудiң принциптерi өзгередi, негiзгi ауыр жұмыстар автоматтандырылған режимде орындалатын болады, есеп қызметкерлерi деректердi өңдеуге тiкелей атсалысады.
      Қолданылып жүрген бухгалтерлiк бағдарламалық қамсыздандыру пайдаланушылар үшiн елеулi проблема туғызуда. Компьютерлендiрiлген бухгалтерияға қойылатын арнап бекiтiлген стандарттық талаптар жоқ, компьютерлiк бухгалтериялық технология бекiтiлмеген және тiптi қазақ әлiппесi әрiптерiнің стандарттары танылмаған. Бухгалтерлердi автоматтандырылған есеп технологияларына оқытуға қол жетпеуiнен проблема тереңдей түсуде.
      Сонымен компьютерлiк есептi дамыту үшiн мыналар қажет:
      есеп технологияларының компьютерлiк қырларын стандарттау;
      мемлекеттiк органдардың бағдарламалық өнiмдердi сертификаттау рәсiмiн ұйымдастыру;
      сертификатталған бағдарламалық жүйелердi әзiрлеу мен алып жүрудiң дамыған инфрақұрылымын жасауға арналған бағдарламалық қамсыздандыруды жасаушыларды қолдау бағдарламасын әзiрлеу.
      Бұл ретте бухгалтер және компьютердi пайдаланушы мамандығын игеруге және өзi алатын нәтижелердiң дұрыстығы үшiн жауап беруге тиiс.

IV Бөлiм. Iшкi бақылау

      Субъектiнiң шаруашылық жүргiзуiнiң тиiмдiлiгi көбiнесе жақсы жолға қойылған жедел есеп жүйесiне, бухгалтерлiк құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз етуге, запастардың сақталуына байланысты болады. Осының бәрi iшкi бақылаудың мәнiн құрайды. Iшкi бақылаудың жай-күйiне жасалған талдау шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басшылары мен олардың басқару аппаратының өздерiнiң бухгалтерлiк жүйесi мен бақылау элементтерiнен бейхабарлығын көрсетедi. Қолданылып келген ведомстволық бақылау жүйесi болса iшiнара жойылған.
      Сонымен бiрге iшкi бақылауға деген қажеттiлiк мынадай себептерден туындайды:
      субъектiнiң ұйымдық құрылымының күрделене түсуiнен (еншiлес және тәуелдi ұйымдардың болуы және т.б.);
      қызмет түрлерiнiң әр алуандығынан;
      басшылықтың басқарудың барлық деңгейiндегi менеджерлердiң iс-әрекеттерiне жеткiлiктi түрде әдiл және тәуелсiз баға алуға ұмтылысынан;
      iскер серiктестер тарапынан сенiм дәрежесiнiң артуынан.
      Iшкi бақылаудың мақсаты есеп саясатын да қоса алғанда, субъектiнiң экономикалық саясатының сақталуына сарапшылық баға беру, оның барлық құрылымдары жүзеге асырып келген iшкi бақылаудың жұмыс iстеуiне баға беру болып табылады. Таза бақылау сипатындағы мiндеттерден өзге, iшкi бақылау қаржы стратегиясын талдап жасау, экономикалық диагностика маркетингтiк зерттеулер, басқарушылық консультациялар мiндеттерiн және басқаны шешедi.
      Осы жүйенi әзiрлеу, барлық құрылымдық бөлiмшелердiң шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiне талдау жүргiзу функцияларын орындауы үстiнде олармен ақпараттық байланысты мұқият ұйымдастыруға, яғни қойылған мақсаттарға нақты баға беру мақсатында, оның шаруашылық операцияларына мезгiл-мезгiл шолу жасап тұруға бағытталуы тиiс.
      Субъектiнiң iшкi бақылау жүйесiн құруына көмектесу үшiн меншiк иесiне қойылатын ең төменгi талаптарды талдап жасау қажет, олар:
      бақылаудың жалпы саясатын;
      есеп деректерiн өңдеу жүйесiн;
      бақылау рәсiмдерiн орнықтыруды қамтиды.

V Бөлiм. Тәуелсiз аудит

      Аудитордың мiндетi - субъектiнiң қаржылық есептiлiгiнiң дұрыстығын және есептiң белгiленген ережелерiне сәйкес келетiнiн растайтын кәсiби аудиторлық қорытынды жасау.
      Нарықтық экономикада субъектi басшыларының және пайдаланушылардың оның қаржылық жай-күйi туралы ақпарат табыс етiлген кезде мүдделерiнiң сәйкеспеуi объективтi орын алып отырады. Субъектiнiң бухгалтерлiк есебi мен қаржылық есептiлiгiн тексеру және оның бухгалтерлiк есеп стандарттарының талаптарына сәйкес келуi тәуелсiз аудит процесiнiң жүзеге асырылуы ретiнде саналады.
      Республикада Аудиторлық қызмет туралы заң жұмыс iстейдi, аудиттiң бiрқатар жалпы стандарттары танылып жасалды. Мемлекеттiк сектор аудитiне келетiн болсақ, ол бiрнеше тежеушi факторлардың:
      аудит функцияларын қайталаудың (бұл тек республикалық бюджетке қатысты);
      аудиттiң практикада қолданылып жүрген осы заманғы әдiстерiнiң болмауының;
      аудит стандарттарының болмауының;
      құқықтық базаның сәйкессiздiгi мен бара-бар қолдау тетiктерiнiң болмауының ықпалында қалып отыр.
      Алайда, ең басты проблема аудитордың қаржылық басқаруды жақсартуға елеулi үлес қоса алмай отырғандығы болып табылады: ол шамадан тыс жекелеген жолсыздықтарды анықтауға және оған тойтарыс беруге бағытталып, жолсыздық орын алуы мүмкiн жүйелерге баға беру мен олардың сәйкестiгiн бейнелеуге жеткiлiктi дәрежеде көңiл бөлмейдi.
      Аудиттiң мақсаты қаржылық есептер бойынша пiкiрлердi қалыптастыру және пайдаланушыларға кейiннен аудитор қорытындысын табыс ету болып табылады. Бұған қол жеткiзу үшiн аудитор аудиторлық қызметтiң нәтижелерiн салыстырудың бiрыңғай сапалық өлшемдерiн айқындайтын және қаржылық есептiлiк дұрыстығы мен оның бухгалтерлiк есеп жүргiзудiң жалпы қабылданған принциптерiне сәйкестiгi жөнiндегi аудиторлық пiкiрдi бiлдiруде мейлiнше әдеттiлiкке қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн стандарттарды басшылыққа алуға тиiс.
      Аудит жүйесiнiң ойдағыдай енгiзiлуi мынадай бiрiншi кезектi мiндеттердi шешудi көздейдi:
      аудиттi жаңаша заң жүзiнде айқындау және өтпелi кезеңде аудиторлық қызметтiң нормативтiк базасын қалыптастыру, аттестациялау мен лицензиялауды ұйымдастыру бөлiгiнде мемлекеттiк реттеудi жолға қою;
      ең алдымен жолсыздықтар мен кемшiлiктердi анықтауға бағытталған, мемлекеттiк мекемелердiң жұмысына iшкi бақылау жасау нысанында жүргiзiлуi мүмкiн мемлекеттiк аудит жүйесiн құруға мүмкiндiк беретiн мемлекеттiк бақылауды, сондай-ақ мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне тәуелсiз баға берудi мақсат тұтатын аудиттi жүзеге асыру негiздерiн айқындау.
      Аудиттелетiн субъектiлердiң әр түрлi типтерiнiң сипаттамаларын және аудит жөнiндегi есептер арналып отырғандардың қажеттiктерiн ескере отырып, жекеше, сондай-ақ мемлекеттiк сектор үшiн аудит стандарттарын әзiрлеп, бекiту жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қажет.
      Жекеше сектор үшiн:
      қаржылық есептiлiк аудитiнiң мақсаты мен жалпы принциптерiн;
      аудиттi жүргiзу шарттарын;
      аудит рәсiмдерiн құжаттық ресiмдеудiң;
      қаржылық есептiлiктi тексеру туралы аудиторлық қорытынды жасау шарттарын;
      аудиттiң жүзеге асырылу сапасын бақылау тетiгiн;
      аудиттелетiн субъектiнiң аудиторларға беретiн ақпаратын және аудиттi жүзеге асыру барысында аудиторлардың аудиттелетiн субъектiге беретiн ақпаратын айқындайтын стандарттарын әзiрлеу қажет.
      Мемлекеттiк сектор үшiн:
      мемлекеттiк ұйымдар қызметiнiң үнемдiлiгi мен ұтымдылығын айқындауға;
      тұтас алғанда мемлекеттiк бағдарламалардың немесе олардың жеке құрамдас бөлiктерiнiң тиiмдiлiгiне баға беруге;
      бақылаудың басқару жүйесiнiң бағдарламаның тиiмдiлiгiн айқындау үшiн жарамдылығына баға беруге бағытталған стандарттар қажет.
      Аудит саласындағы реформаларды ойдағыдай жүргiзу мақсатында аудитордың бiлiктiлiк куәлiгiн алуға үмiткерлердi даярлауды, қайта даярлауды және аттестациялауды, аудиторларға үздiксiз кәсiптiк бiлiм беру жүйесiн тиiстi деңгейде ұйымдастыру, сондай-ақ аудиторларды ақпараттық және әдiстемелiк тұрғыдан қамтамасыз ету қажет.

VI Бөлiм. Кәсiпқой бухгалтерлер институтын құру

      Нарыққа көшуге байланысты қаржы қызметкерлерiнiң ең көп санды тобы - бухгалтерлердiң рөлi түбегейлi өзгередi. Бухгалтерлер рөлiнiң өзгеруi, бiр жағынан, осы кәсiпке деген қоғамдық қызығушылықтың үздiксiз өсуiне, екiншi жағынан, субъектiнiң нарықтық экономикаға сауатты енуi үшiн олардың жауапкершiлiгiн арттыруға жетелейдi.
      Бүгiнгi таңда Қазақстанда дәйектi бiлiм берудiң аса маңызды бағыттарының бiрi дамыған нарықтық экономикасы бар барлық елдерде ерекше рөлi танылып отырған бухгалтерлерге кәсiптiк бiлiм беру болып табылады.
      Мұның өзi бiрқатар себептерге байланысты:
      бiрiншiден, бухгалтердiң жұмысын орындау үшiн қажеттi бiлiм-бiлiк ауқымының кеңеюi, аталған құбылыс болашақта үдемелi қарқынмен жүрiп отырады;
      екiншiден, бухгалтерлердiң iс-әрекетiн белгiлi бiр дәрежеде реттейтiн стандарттар мен басқа да нормативтiк-құқықтық актiлердiң қабылдануы;
      үшiншiден, компьютерлiк техниканы қолдау мен басқару шешiмдерiн есептiк тұрғыда негiздеуге арналған талдаудың сандық әдiстерiн күнделiктi жұмыста пайдалану қажеттiгi әсерiмен бухгалтерлiк жұмыс технологиясының өзгеруi;
      және ақыр соңында, қоғам өмiрiнде бухгалтер рөлiнiң көтерiлуi, мұның өзi оған жұмыстың сапасы үшiн тиiстi мiндеттер мен жауапкершiлiк жүктейдi.
      Сонымен қатар, елде үздiксiз кәсiптiк бiлiм беру жеткiлiктi жоғары деңгейге жеткен жоқ. Көптеген жағдайларда оқыту қысқа мерзiмдi курстар деңгейiнде жүргiзiледi. Практикалық қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi әдiстемелiк орталық жоқ.
      Таяу болашақтағы нақты қажеттiктерге қарай, бухгалтерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн жаңа деңгейге көтеру қажет және осы кезеңде мамандардың бухгалтерлiк есептегi кез келген өзгерiстер кезiнде өздерiнiң мiндеттерiн ойдағыдай орындауға дайындығын қамтамасыз етуге тиiстi бухгалтерлiк есеп стандарттарын, жаңа компьютерлiк технологияларды игеруiне және республикада нарықтық қатынастарды дамытуда мамандардың практикалық қызметте кездесуiне тура келетiн ахуалдар шешiмiн табу дағдыларын игеруiне жағдай жасау керек.
      Практикалық қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi мiндеттердi iске асыру үшiн бухгалтерлердiң үздiксiз кәсiптiк бiлiм алуының, бухгалтерлердiң кәсiби деңгейiн көтерудiң, бухгалтерлердi аттестациялаудың, оқу бағдарламаларын сертификаттаудың орталығына айналуға тиiстi кәсiпқой бухгалтерлер институтын, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жөнiндегi оқу орталықтарын құру қажет.
      Кадрларды қайта даярлау жүйесi мынадай принциптерге негiзделуге тиiс:
      кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң үйлесiмдiлiгi, үздiксiздiгi және көп сатылылығы;
      мамандардың өз бiлiктiлiк деңгейiн көтеруге жеке мүдделiлiгi;
      шетел бухгалтерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiмен кiрiгу.
      Кәсiпқой бухгалтерлер институтын құру бөлiгiнде, оқу жоспарын, оқу бағдарламаларын, кәсiпқой бухгалтерлердi қайта даярлауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеп, бекiту қажет.
      Кәсiпқой бухгалтерлер институтының негiзгi бағыттары мынаған келiп саяды:
      бухгалтердiң кәсiптiк қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеп, бекiту;
      бухгалтерлердiң кәсiптiк қызметiнiң жаңа түрлерiн, сондай-ақ осы қызмет ережелерi мен стандарттарын айқындау;
      республикалық және халықаралық ұйымдардың өтеусiз көмек қаражаты есебiнен бухгалтерлердi оқытып, кейiн сертификаттауды жүзеге асыратын оқу орталықтарын құру.
      Кадрларды қайта даярлау жөнiндегi жұмысты жүзеге асырудағы негiзгi мiндет - бұл мына бағыттар бойынша бухгалтерлердi даярлаудың бiрыңғай бағдарламасын әзiрлеу;
      бухгалтерлердi (шағын бизнес кәсiпорындары үшiн, орташа және шағын кәсiпорындар үшiн, талдаушы бухгалтерлердi, бас бухгалтерлердi, аудитор бухгалтерлердi, ұйымдардың, басқармалардың, мемлекеттiк кәсiпорындар мен басқа да мекемелердiң басшыларын, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушыларын) қайта даярлау;
      бухгалтерлердiң шетелде тағылым алуы үшiн шетелдiк оқу орталықтарымен байланыстарды дамыту;
      қаржы саласы үшiн кадрлар даярлау, оқытудың типтiк бағдарламасын әзiрлеу мәселелерiнде жоғары оқу орындарының жұмысын мемлекет тарапынан реттеу;
      қазақ және орыс тiлдерiнде оқулықтар (бухгалтерлiк есеп теориясы бойынша, бухгалтерлiк есеп бойынша, аудит бойынша, қаржылық талдау бойынша, қазақ және орыс тiлдерiндегi бухгалтерлiк терминдер сөздiгiн) жасау.

VII Бөлiм. Халықаралық ынтымақтастық

      Республика 1993 жылдан бастап Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң Бухгалтерлiк есеп пен аудит мәселелерi жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң мүшесi болып табылады, оның негiзгi мақсаты есеп пен аудит жүйесiн реформалау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу болып саналады.
      Аталған Кеңестiң маңызды қадамы "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiндегi бухгалтерлiк (қаржылық) есептiлiктiң негiзгi принциптерi", "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердегi кәсiпорындардың бухгалтерлiк, (қаржылық) есептiлiгiн түзудiң жалпы ережелерi" атты құжаттарды әзiрлеп, қабылдауы болып табылады.
      Сонымен қатар бухгалтерлiк есеп стандарттарын әзiрлеу, оларды үйлесiмдi ету, ұлттық мүдделердi қорғау, қайталаушылыққа жол бермеу жөнiнде ойдағыдай жұмыс iстеу үшiн бухгалтерлiк есеп пен аудит жөнiндегi халықаралық кәсiби ұйымдарға атсалысу қажет.
      Бухгалтерлiк есептiң ұлттық стандарттары мен аудит стандарттарын дамыту, қаржы мәселелерi саласындағы техникалық зерттеулер жөнiндегi жұмысты үйлестiру, мемлекеттiк мүдделердi қорғау мақсатында халықаралық байланыстарды өрiстету және әлемдiк қауымдастыққа кiрiгу қажет.
      Бухгалтерлiк есеп пен аудит жөнiндегi халықаралық ұйымдарға мүше болу және қатысу:
      бухгалтерлiк есеп пен аудит жөнiндегi стандарттарды әзiрлеуге ықпал етуге және республиканың аймақтық мүдделерiн қорғауға ұмтылуға;
      бухгалтерлер мамандығы мен бухгалтерлердiң халықаралық танылған бiлiктiлiгiнiң белгiлi бiр типiн өзара тану жөнiндегi талаптарды талдап жасауға бiлiктiлiкпен қарауға мүмкiндiк бередi.
      Халықаралық байланыстарды дамыту мен әлемдiк қоғамдастыққа кiрiгу саласында:
      Бухгалтерлердiң Халықаралық Федерациясына;
      Есеп пен есептiлiктiң халықаралық стандарттарын әзiрлеу жөнiндегi сарапшылардың үкiметаралық жұмыс тобына мүше болу қажет.
      Сонымен бiрге басқа да халықаралық кәсiптiк одақтармен қарым-қатынасты бұдан былай да дамыта берген жөн.
      Сол сияқты бухгалтерлiк есеп пен аудиттi жетiлдiрудiң негiзгi бағыттарын айқындау және оларды Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң Бухгалтерлiк есеп пен аудит мәселелерi жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң жұмысына белсене атсалысу арқылы iске асыру, сондай-ақ бухгалтерлiк есеп, аудит, салық салу және басқа да қаржы мәселелерi бойынша ақпарат алмасу жөнiндегi ақпараттық желiнi дамыту қажет.