Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 30 желтоқсан N 1863. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінiң 2000.08.12. N 1253 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды – ҚР Үкіметінiң Үкіметінiң 12.08.2000. № 1253 қаулысымен.

      Сыртқы сауданы одан әрi ырықтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      "Тауарларды декларациялау және оларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 19 ақпандағы N 129 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 5, 56-құжат):

      аталған қаулының 1-қосымшасында:

      "Тауарларды өткiзу тәртiбi" деген 2-бөлiмнiң 2.1-тармағының жетiншi абзацы алынып тасталсын;

      "Биржалық тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 26, 302-құжат):

      6-тармақ алынып тасталсын;

      7 және 8-тармақтардағы "(мемлекеттiк кәсiпорындардан басқа)" деген сөздер алынып тасталсын;

      7, 8, 9, 10-тармақтар тиiсiнше 6, 7, 8, 9-тармақтар болып есептелсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасымен бiрлесе отырып (келiсiм бойынша) биржалық тауарларды сатып алу-сату жөнiндегi мәмiлелердi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге "Тауарлар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 7 сәуiрдегi N 2170 Заң күшi бар Жарлығын орындауы тұрғысынан жүйелi түрде тексеру жүргiзiп отырсын.

      3. Осы қаулы 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрi