Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 7 ақпандағы N 148 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 19 қарашадағы N 1607

      Ессентуки қаласындағы "Қазақстан" санаторийiн бюджеттiк қаржыландырудың қысқаруына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi Ессентуки қаласындағы "Қазақстан" санаторийiнiң балалар бөлiмшесiн инвестициялық тендер ұйымдастыру және өткiзу үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiне берсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi