Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 сәуiрдегi N 558 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 18 қарашадағы N 1605 қаулысы.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.03.19. N 269 қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2005.07.13. N 193-ө  Өкімімен .  

      "Каспий теңiзiнiң Қазақстандық бөлiгiнде көмiрсутегi шикiзатын өндiрудi қалыптастыру мен дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 13 ақпандағы N 97  қаулысына  сәйкес және стратегиялық маңызы бар мәлiметтерге қол жеткiзудi шектеу мақсатында: 

      1. Каспий теңiзiнiң Қазақстан бөлiгi жөнiндегi геологиялық-геодезиялық ақпаратты "Қазақстанкаспийшельф" АҚ уақытша сақтауға қалдыру туралы ұсынысқа келiсiм берiлсiн.

      2. "Қазақстанкаспийшельф" АҚ көрсетiлген ақпаратты сақтаудың қажеттi жағдайларын қамтамасыз етсiн және уәкiлеттi органның нұсқауы бойынша ғана жер қойнауын пайдалану құқығын алуға талап қылушы заңды тұлғаларға онымен танысуға рұқсат етсiн. 

 
       Премьер-Министр