Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1206 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 18 қараша N 1604. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.07.06. N 936 қаулысымен. ~P990936

      Ессентуки қаласындағы "Қазақстан" санаторийiн бюджеттiк қаржыландырудың қысқаруына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi Ессентуки қаласындағы "Қазақстан" санаторийiнiң балалар бөлiмшесiн инвестициялық тендер ұйымдастыру және өткiзу үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiне берсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi