Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 2 ақпандағы N 110 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 18 қараша N 1598. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.08.03. N 1176 қаулысымен

      1993 жылғы 15 қарашаның Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге енгiзiлген күн ретiндегi тарихи маңызын атап өте отырып, сондай-ақ қаржы жүйесi қызметкерлерiнiң тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз етудегi ролiн арттыру мақсатында қаулы етемiн:
      1. 15 қараша Ұлттық валюта - теңге күнi, Қазақстан Республикасының Қаржы жүйесi қызметкерлерiнiң кәсiби мерекесi болып жариялансын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
             Президентi