Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 желтоқсандағы N 1471 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 7 қараша N 1531. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.01.09. N 19 қаулысымен. ~P010019

      Ессентуки қаласындағы "Қазақстан" санаторийiн бюджеттiк қаржыландырудың қысқаруына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi Ессентуки қаласындағы "Қазақстан" санаторийiнiң балалар бөлiмшесiн инвестициялық тендер ұйымдастыру және өткiзу үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiне берсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi