Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының "Ақмола қаласындағы мемлекеттiк резиденциялар дирекциясы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 8 қазандағы N 1428

      Жоғары және орталық мемлекеттiк органдардың Ақмола қаласына көшiрiлуiне байланысты, ресми шараларды жүргiзудi, сондай-ақ келетiн делегациялар мен жекелеген адамдарды орналастыруды, жоғары деңгейде қызмет көрсетудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының шаруашылық жүргiзу құқығымен "Ақмола қаласындағы мемлекеттiк резиденциялар дирекциясы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң оған қатысты функциясын жүзеге асыратын орган болып табылады деп айқындалсын.
      3. Кәсiпорынның қызметi мына бағыттарда жүргiзiледi деп белгiленсiн:
      ресми шараларды жүргiзудi, сондай-ақ келетiн делегациялар мен жекелеген адамдарды орналастыруды, жоғары деңгейде қызмет көрсетудi қамтамасыз ету;
      жоғары және орталық мемлекеттiк органдарға, заңды тұлғалар мен азаматтарға, соның iшiнде шетелдiктерге қызмет көрсету.
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы белгiленген тәртiппен Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және тiркеуден өткiзсiн, жарғылық қорын қалыптастырсын, басқа да ұйымдастыру мәселелерiн шешетiн болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi "Республикалық

мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  

P960790_

  қаулысымен 
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) бекiтiлген
республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне белгiленген
тәртiппен толықтыру енгiзу туралы қаулының жобасын әзiрлесiн және
Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
        мiндетiн атқарушы