Протез-ортопедия кәсiпорындары ассоциациясы және мемлекеттiк қазыналық тәжiрибе-эксперименттiк протез-ортопедия кәсiпорындарын қайта құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 21 қыркүйек N 1367

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 ақпандағы N 167 P960167_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 7, 42-құжат):
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Бюджеттiк банкiнiң қызмет

көрсетулерiне ақы төлеу республикалық бюджет қаражатының есебiнен
жүзеге асырылады";
     "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
 

P960790_

  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 
256-құжат):
     аталған қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк
кәсiпорындардың тiзбесi 21-реттiк нөмiрден кейiн мынадай мазмұндағы
тараумен толықтырылсын:
     "                 Қазақстан Республикасының
                       Қаржы министрлiгi

     21  а) "мемлекеттiк Бюджеттiк банк"          Алматы қаласы"
            мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық
            жүргiзу құқығында)

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары