Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң биологиялық ресурстарды мемлекеттiк экологиялық бақылау, қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөнiндегi агенттiгi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 18 қыркүйектегi N 1350. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Қазақ еңбек және жұмыспен қамту проблемалары ғылыми-зерттеу институтын тарату туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын.
      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi таратуды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырсын.
      2. "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 наурыздағы N 290 P970290_ қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 10, 71-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Еңбек және

 

халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың

Тiзбесiнен мынадай жолдар алынып тасталсын:

     "Қазақ еңбек және жұмыспен қамту проблемалары ғылыми-зерттеу

институты".

     3. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау

министрлiгiнiң Қазақ еңбек және жұмыспен қамту проблемалары

ғылыми-зерттеу институтын ұйымдастыру туралы" Қазақ КСР Министрлер

Кеңесiнiң 1991 жылғы 31 желтоқсандағы N 822 қаулысының күшi жойылған

деп танылсын.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi