Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 1533 және 1997 жылғы 7 қаңтардағы N 14 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 1340.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Қазақстан Республикасында авиация техникасын, агрегаттарын, қару-жарақ жүйесi мен авиация радиоэлектроникалық жабдықтарының бұйымдарын жөндеу өндiрiсiн дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 сәуiрдегi N 353 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бiрлесiп, бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасындағы авиажөндеу өндiрiсiн дамыту жөнiнде ұсыныс тапсырсын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi