"Қазақалтын" акционерлiк қоғамын қаржылық сауықтыру жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 тамыздағы N 1300 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 381 Қаулысымен

      Қазақстандық халықаралық автокөлiк тасымалдаушыларына транзиттiк мемлекеттердiң шекараларынан өтуде қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесетiн ХЖТ кiтапшасын қолдана отырып жергiлiктi халықаралық тасымалдау жүйесiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Кеден конвенциясының 1975 жылғы ХЖТ кiтапшасын қолдану арқылы жүктердi халықаралық тасымалдау туралы 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң ұсынысына келiсiм берiлсiн, Қазақстан Республикасының Халықаралық автомобиль тасымалдаушылары одағына ХЖТ кiтапшаларын беру және жүктердi тасымалдау кезiнде тиiстi кепiлдiктер ұсыну құқығы берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Мемлекеттiк кеден комитетi:
      республикада мемлекет пен қазақстандық тасымалдаушылардың экономикалық мүдделерiн тиiмдi қорғауға бағытталған халықаралық қатынастарда тасымалдауды және кедендiк бақылауды ұйымдастыру саласында автомобиль көлiгi жөнiндегi мемлекетаралық келiсiм мен 1995 жылғы ХЖТ конвенциясының талаптарымен келiсiлген мемлекеттiк саясатты

жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
     Қазақстан Республикасының Халықаралық автомобиль тасымалдаушылары
одағына 1975 жылғы ХЖТ конвенциясына сәйкес ХЖТ рәсiмдерiн пайдалану
кезiнде кепiлдiктi бiрлестiк функцияларын жүзеге асыруда жәрдем
көрсетсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi