"Тың тау-кен-химиялық комбинаты" мемлекеттiк холдинг компаниясын қаржылық оңалту жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 тамыздағы N 1299 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 381 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23  N 381  Қаулысымен.

      "Тың тау-кен-химиялық комбинаты" мемлекеттiк холдинг компаниясын қаржылық оңалту жөнiнде кезек күттiрмейтiн шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Тың тау-кен-химиялық комбинаты" мемлекеттiк холдинг компаниясы дәрменсiз борышкер деп танылсын. 
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi: 
      соттан тыс тәртiппен "Тың тау-кен-химиялық комбинаты" мемлекеттiк холдинг компаниясына қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзсiн; 
      "Тың тау-кен-химиялық комбинаты" мемлекеттiк холдинг компаниясының оңалтушы басқарушысын тағайындасын; 
      "Қазақатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясына "Тың тау-кен-химиялық комбинаты" мемлекеттiк холдинг компаниясы акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және оны пайдалану құқығы берiлсiн; 
      "Тың тау-кен-химиялық комбинаты" мемлекеттiк холдинг компаниясына несие алу үшiн кепiлдiк ретiнде тауарлық өнiмдердiң қоймалық қорларын пайдалануға рұқсат етiлсiн. 
      3. Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiне "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлiк қоғамымен бiрлесiп "Тың тау-кен-химиялық комбинаты" мемлекеттiк холдинг компаниясы үшiн қоймалардағы дайын өнiмдердiң кепiлдiгiмен, айналымдағы қаражатты толтыру және кәсiпорынның берешектерiн төлеу мақсатында 22 млн. АҚШ долларына, оның iшiнде 1997 жылы - 8 млн. долларға, 1998 жылы - 8 млн. долларға, 1999 жылы - 6 млн. АҚШ долларына бара-бар сомада несие ресурстарын iздестiру сондай-ақ көрсетiлген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы жөнiнде шаралар қабылдау ұсынылсын. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi