Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 мамырдағы N 663 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 25 тамыздағы N 1278

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

     аталған қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнiң "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" деген бөлiмiндегi реттiк нөмiрi 5-жол алынып тасталсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi