Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 8 мамырдағы N 814 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 11 тамыздағы N 1250. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "АКПО" акционерлiк қоғамын қаржы-экономикалық сауықтыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 24 ақпандағы N 257 P970257_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне" деген сөздер "кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" акционерлiк қоғамына" (бұдан әрi - Агенттiк) деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы:
      бiрiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi абзацтағы "оңалтып" деген сөз "сыртқы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшiншi және төртiншi абзацтардағы "оңалтып басқару" деген сөздер "сыртқы басқару" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "Мемлекеттiк салық комитетi", "Өнеркәсiп және сауда министрлiгi" деген сөздер тиiсiнше "Қаржы министрлiгiнiң салық комитетi", "Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;

     4-тармақтағы "оңалту рәсiмдерiнiң" деген сөздер "оңалту" деген
сөзбен ауыстырылсын;
     6-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға
қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi" деген сөздер "Қазақстан
Республикасының Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздермен
ауыстырылсын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi