Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм мәселелерi институтын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 11 тамыз N 1244. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.03.24. N 256 қаулысымен. ~P980256

      "Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Қостанай облыстарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымындағы өзгерiстер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 17 маусымдағы N 3550 Жарлығын U973350_ атқару үшiн және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қызылорда қаласының шекарасы оған: Машина-сынау станциясы, Талдыарал поселкелерiнiң, Ақжарма ауылдық округiнiң Қубас селосының, Қосшыңырау ауылдық округiнiң Абай, Қазрис, Қарауылтөбе поселкелерiнiң, Ақсуат ауылдық округiнiң Ақсуат селосының, әуе жайының, таратылған Сырдария ауданының Тасбөгет поселкесiнiң, Қызылөзек ауылдық округiнiң Қаракөл, Қараөзек поселкелерiнiң, Қызылөзек селосының, Тереңөзек ауданы Ленинск ауылдық округiнiң Иiркөл селосының, Шиелi ауданы Сұлутөбе ауылдық округiнiң Бiрқазан селосының аумақтарын олардың жер пайдалану шекараларының шегiнде қоса отырып өзгертiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi