Ауыл шаруашылығы ұйымын қайта ұйымдастырудың немесе таратудың нәтижесiнде құрылған шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге тұрақты жер пайдалануға тегiн берiлетiн жер учаскелерiнiң жер үлестерi мен мөлшерлерiн айқындаудың тәртiбiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 7 тамыздағы N 1232. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Республикада сұйытылған газды өндiрудiң бәсекелестiк рыногын құру және сату жөнiндегi қабылданып жатқан шараларға байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың өнiмдерiне бағаны реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 қазандағы N 1171 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 44, 474-құжат):
      1-тармақтың үшiншi абзацындағы "мұнай өңдеу кәсiпорындарын" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын монополиясыздандыру және тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетулерi үшiн есеп айырысуды тәртiпке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 мамырдағы N 587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 20, 177-құжат):
      1-тармақтың екiншi абзацындағы "және сұйытылған" деген сөздер алынып тасталсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi