Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 1533 және 1997 жылғы 7 қаңтардағы N 14 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 16 шiлдедегi N 1117

      Қаулы етемiн:
      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 6 қарашадағы N 2600 Жарлығының қосымшасындағы:
      "Бурабай орман шаруашылығы Көкшетау облысы" деген сөздер "Бурабай" табиғи-сауықтыру орман кешенi Солтүстiк Қазақстан облысы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
             Президентi