Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1996 жылы 18 қазанда Москва қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Темiржол көлiгi кәсiпорындарының мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының |
Премьер-Министрiнiң |
бiрiншi орынбасары |
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы
темiр жол көлiгiнiң кәсiпорындары, мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн
құқылық реттеудiң ерекшелiктерi туралы
КЕЛIСIМ
(ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 3, 24-құжат)
(1999 жылғы 23 сәуірде күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,
Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 84 бет)
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi бұдан былай Жақтар деп аталады, мыналарға байланысты:
1992 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы темiр жол көлiгiнiң қызметiн реттеу туралы Келiсiмге.
1992 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы көлiк саласындағы ынтымақтастық принциптер мен қарым-қатынастар шарттары туралы Келiсiмге.
1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының экономикалық ынтымақтастығын бұдан әрi түбегейлендiру мен интеграциялау туралы Шартты,
1995 жылғы 20 қаңтардағы кедендiк одақ туралы Келiсiмге,
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясындағы темiр жолдардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында төмендегiлер туралы осы келiсiмге қол қойды:
1-бап
Тараптар бір Тарап мемлекетінің темір жолдарының құрамына кіретін, бірақ екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан темір жол көлігінің мүлкі бірінші Тарап мемлекетінің меншігі екендігін мойындайды. Мүлкіне қатысты Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының меншік құқығы танылатын темір жол учаскелерінің тізбесі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын 1-қосымшада келтірілген.
Темір жол көлігінің көрсетілген мүлкін Тараптар тең бағалы деп таниды. Бұл ретте көрсетілген мүліктің нарықтық құнын бағалау жүргізілмейді және меншік құқығының ауысуына байланысты өтемақы жүргізілмейді.
Темір жол көлігінің көрсетілген мүлкі үшінші тұлғалардың кез келген құқығынан бос болатынына Тараптар кепілдік береді.
Осы Келісімнің мақсаттары үшін "темір жол көлігінің мүлкі" деп Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы темір жолдарының құрамына кіретін учаскелерде орналасқан, қызметтер көрсетуді, оның ішінде жолаушылар мен жүктердің тасымалын, жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға өзге де қызметтерді қамтамасыз ететін, сондай-ақ теміржолшыларға және олардың отбасы мүшелеріне қызметтер көрсететін кәсіпорындар, сондай-ақ жекелеген мүлік объектілері ұғынылады.
Осы баптың бірінші абзацында көрсетілген темір жол көлігі мүлкінің тізбелерін осы Келісімнің іске асырылуына жауапты құзыретті органдар жасайды және бекітеді.
Осы Келісімнің іске асырылуына жауапты құзыретті органдар мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасында — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті;
Ресей Федерациясында - Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федеральдық агенттік.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 23.11.2010 № 355-IV Заңымен.2-бап
Темiр жол көлiгiнiң жаңадан салынған объектiлерi мен жаңадан сатып алынған жылжымалы мүлiктерi қаржысына салынған немесе сатып алынған мемлекеттiң меншiгi болып табылады.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.11.2010 № 355-IV Заңымен.3-бап
Осы Келісімнің қолданылу кезеңінде темір жолдар мен станцияларға (бөлінген алапты қоса алғанда), құрылыстарға, ғимараттарға, қорғағыш және нығайтқыш екпелерге және темір жол көлігі мүлкінің өзге объектілеріне бөлінген жерлер (бұдан әрі - темір жол көлігінің жерлері деп аталады) жер қатынастары саласындағы тиісті уәкілетті органның не жер учаскесі меншік иесінің хабарламасымен жер учаскесі меншік иесінің келісімінсіз оларды қосалқы жалға беру құқығымен мемлекет меншігінде темір жол көлігінің тиісті мүлігі бар екінші Тарап мемлекетінің жалдауында болады.
Осы Келісім бойынша мемлекеттердің бір Тарап берген темір жол көлігінің жерлеріне жалдау ақысы екінші Тараптың темір жол көлігі жерлерін қарсы жалға беруі болып табылады. Бұл ретте екі Тарап мемлекеттерінің темір жол көлігінің жері үшін жалға алу ақысының мөлшері бірдей деп танылады.
Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 23.11.2010 № 355-IV Заңымен.4-бап
Жер салығы аумағында темiр жол көлiгiнiң жерлерi орналасқан мемлекеттiк заңдарына сай белгiленедi.
5-бап
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының, сондай-ақ Ресей Федерациясының темiр жолдарының кәсiпорындары, мекемелерi мен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру мен жою Жақтардың немесе Жақтармен жарияланып, олармен өкiлеттенген мемлекет органдарының келiсiмi бойынша солар орналасқан аумақтағы мемлекеттiң заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар қызметiн қаржыландыру солар енетiн темiр жолдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
6-бап
Осы Келiсiмнiң қызмет аясына қатысты темiр жол учаскелерi бойынша жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға темiр жол тарифтерiн қолдану тәртiбi осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын N 2 Қосымшада келтiрiледi.
7-бап
Кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбегi мен еңбекақысының мәселелерi осы кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар құрамына кiретiн темiр жолдардың мемлекеттiк заңдарына сәйкес реттеледi.
Аталмыш кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерi мен еңбек ардагерлерiне осы кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс iстеген қызметкерлерге өздерi тұратын аумақтағы мемлекеттiк азаматтары үшiн белгiленген барлық әлеуметтiк жеңiлдiктер мен кепiлдемелер жарамды.
8-бап
Осы Келiсiмнiң қызмет аясына қатысты кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда сақтандыру қызметi өздерi орналасқан аумақтағы мемлекеттiң заңдарына сәйкес белгiленген тәртiпте жүзеге асырылуы мүмкiн.
9-бап
Бiр жақ мемлекетiнiң аумағынан сол мемлекеттiң аумағына, бiр Жақ мемлекетiнiң аумағынан екiншi Жақ мемлекетiнiң аумағында орналасқан темiр жол учаскелерi бойынша және сол темiр жол шеңберiнде екiншi Жақ мемлекетiнiң аумағына тасымалданатын жолаушылар мен жүкке байланысты мемлекет шекарасының өту кезiнде ерiп жүретiн күзет қызметтерінің қарулы нарядтарын, жолаушы пойыздарына ерiп жүретiн милиция нарядтарын және жолаушы жүк пойыздарына ерiп жүретiн әскери нарядтарын (қарауылдарын) , сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің орталық (ұлттық) банктерінің арнайы жүктерді алып жүретін инкассаторларын өткiзу Жақтардың тиiстi органдарымен алдын ала мәлiмдей отырып, құзырлы органдармен қаруға берiлетiн құжаттарды ұсыну бойына кедергiсiз жүзеге асырылады.
Күзет қызметтерінің, оның ішінде ведомстволық күзеттің қызметкерлері, Тарап мемлекеттерінің орталық (ұлттық) банктерінің инкассаторлары, қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі әскери нарядтардың (қарауылдардың) әскери қызметшілері және милиция қызметкерлері жолаушылар мен жүкке еріп жүруге байланысты қызметтік міндеттерін атқару кезінде поезд жүріп өтетін аумақ бойынша сол мемлекеттің заңнамасына сәйкес жолаушылар мен темір жол персоналын қорғау, айдауылдағы адамдардың қашып кетуінің жолын кесу, тасымалданатын жүктерді сақтауды қамтамасыз ету және оларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, өзін-өзі қорғау мақсатында табельдік қаруын қолдануға құқығы бар.
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.11.2010 № 355-IV Заңымен.9-1-бап
Темір жол учаскелерінің инфрақұрылымына, жылжымалы құрамға қызмет көрсету және оларды жөндеу, техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою және алдын алу үшін Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясының аумағына және Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасының аумағына өтетін тауарларды (жұмсалатын материалдарды, қосалқы бөлшектерді, құрал-саймандарды, мүкәммалды, арнайы машиналар мен механизмдерді) және көлік құралдарын тасымалдауды шекаралық бақылау уәкілетті мемлекеттік органдардың лицензияларын, әкелуге немесе әкетуге рұқсаттарын және басқа рұқсаттарын ұсынбай (егер әкелу мен әкетуді шектеу экономикалық сипатта болса), сондай-ақ баж алымдары мен салықтарды өндіріп алмай жеңілдетілген тәртіппен жүзеге асырылады.
Темір жол учаскелерінің инфрақұрылымы объектілерін, жылжымалы құрамды жөндеу, қайта жаңарту, төтенше жағдайларды жою және алдын алу үшін пайдаланылған, бірақ көрсетілген мақсаттарда жұмсалмаған тауарлар (материалдар, қосалқы бөлшектер, құрал-саймандар, мүкәммал, арнайы машиналар мен механизмдер), сондай-ақ көлік құралдары қай мемлекеттің аумағынан әкелінсе, көрсетілген жұмыстар аяқталғаннан кейін олар сол мемлекеттің аумағына қайтарылуы тиіс. Темір жол учаскелерінің инфрақұрылымын және жылжымалы құрамды жөндеу нәтижесінде пайда болған қалдықтар (жөнделетін объектілерден алынған мүлік, материалдар, оның ішінде рельс-шпалдық тор) осы учаске темір жол құрамына кіретін мемлекеттің аумағына тасымалдануы тиіс.
Екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан бір Тарап мемлекетінің темір жол учаскелеріндегі техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою және оның алдын алу үшін жолды, темір жол көлігі инфрақұрылымының өзге объектілерін, жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі және темір жол қатынасындағы өзге кедергілерді жою жөніндегі жұмыстармен айналысатын персонал қатарындағы адамдардың осы екінші Тарап мемлекетінің аумағына кіруі жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсеткен кезде визасыз режимде жүзеге асырылады.
Көрсетілген персонал құрамына кіретін және визасыз кіру режимін пайдаланатын адамдардың тізбесі тиісті темір жол учаскелерін пайдаланатын темір жол көлігі ұйымдары жасайтын тізімдер негізінде анықталады.
Тізімдердің нысаны мен мазмұнын, оларды екінші Тарап мемлекетінің уәкілетті органдарымен келісу тәртібін, сондай-ақ мұндай қызметкерлер санаттарының тізбесін және олардың екінші Тарап мемлекетінің аумағында болу шарттарын Тараптардың уәкілетті органдары белгілейді.
Ескерту. Келісім 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 23.11.2010 № 355-IV Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 71-VI Заңымен.9-2-бап
Осы Келісімге 1-қосымшада көрсетілген темір жол объектілерін, сондай-ақ темір жол учаскелерінде тасымалданатын жүктерді қорғау жөніндегі күзет қызметін тиісті учаске немесе объект мемлекетінің темір жол құрамына кіретін Тараптың таңдауы бойынша күзет қызметінің бөлімшелері жүзеге асырады.
Бір Тарап мемлекетінің осы Тарап темір жол объектілерін күзету үшін таңдап алған күзет қызметтері күзет қызметіне лицензия алуға және оны осы Тараптың заңнамасына сәйкес екінші Тарап мемлекетінің аумағында, оның ішінде екі Тарап мемлекеттерінің азаматтарын жалдау құқығымен жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. Келісім 9-2-баппен толықтырылды - ҚР 23.11.2010 № 355-IV Заңымен.9-3-бап
Ресей теміржолдарының құрамына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, мүлкі Ресей Федерациясының меншігі болып табылатын учаскелердегі станцияларды ашу және жабу, сондай-ақ Ресей Федерациясына тиесілі және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан теміржол көлігі инфрақұрылымына ортақ пайдаланылмайтын теміржол жолдарының жалғасуы Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан теміржолдарының құрамына кіретін, Ресей Федерациясының аумағында орналасқан, мүлкі Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын учаскелердегі станцияларды ашу және жабу, сондай-ақ Қазақстан Республикасына тиесілі және Ресей Федерациясының аумағында орналасқан теміржол көлігі инфрақұрылымына ортақ пайдаланылмайтын теміржол жолдарының жалғасуы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. Келісім 9-3-баппен толықтырылды – ҚР 13.06.2017 № 71-VI Заңымен.9-4-бап
Қазақстан Республикасының аумағынан шығып, Ресей Федерациясының аумағы арқылы Ресей Федерациясының аумағында аялдамай Қазақстан Республикасына транзитпен келетін жолаушылар және жүк поездарының, сол сияқты Ресей Федерациясының аумағынан шығып Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қазақстан Республикасының аумағында аялдамай Ресей Федерациясына транзитпен келетін жолаушылар және жүк поездарының мемлекеттік шекара арқылы өтуі шекаралық бақылауды қоса бақылау рәсімдері жүргізілмей жүзеге асырылады.
Транзитпен өтетін жолаушылар немесе жүк поездары аялдаған жағдайда, шекаралық және өзге де бақылау түрлері тек кіретін және (немесе) шығатын тұлғаларға ғана қатысты жүзеге асырылады.
Ескерту. Келісім 9-4-баппен толықтырылды – ҚР 13.06.2017 № 71-VI Заңымен.9-5-бап
Тараптар мемлекеттерінің шекара маңы субъектілері (Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары, Ресей Федерациясында - Ресей Федерациясы субъектілерінің атқарушы билік органдары) Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының теміржол учаскелері және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскелері бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін Тараптардың теміржолдарында қолданыстағы шарттарды ескере отырып:
шығыстары Тараптар мемлекеттерінің тиісті шекара маңы субъектілерінің бюджеті есебінен субсидиялауға жататын теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша конкурс өткізу қағидаларын;
теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау қағидаларын;
теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылар шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді.
Ескерту. Келісім 9-5-баппен толықтырылды – ҚР 13.06.2017 № 71-VI Заңымен.10-бап
Әскери күзет атқыштары мен милиция қызметкерлерi жолаушылар мен жүкке ерiп жүруге байланысты қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде сол мемлекеттiң заңдарына сәйкес жолаушылар мен темiр жол персоналдарын қорғау, тасымалданатын жүктердi ұрланудан сақтауды және өзiн-өзi қорғауды қамтамасыз ету мақсатында табельдiк қаруын қолдануға құқығы бар.
11-бап
Осы Келiсiм жақтардың өзаралық келiсiмi бойынша жазбаша түрде өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.
12-бап
Осы Келiсiм күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекет iшiнiң процедуралары орындалғаны туралы жақтардың соңғы мәлiмдеме жасаған күнiнен бастап күшiне енедi және жақтардың бiреуiнiң жазбаша түрде оның күшiн тоқтататыны туралы ниетiн мәлiмдеген күннен бастап алты ай өткенге дейiн пәрмендi болады.
1996 жылғы 18 қазанда Москва қаласында, екi данада, әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде, әрi екi мәтiннiң де күшi бiрдей болып жасалды. Осы Келiсiмдi түсiнуде өзгешелiктер туындаған жағдайда орыс тiлiндегi мәтiн басымшылық алатын болады.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Мүлкіне қатысты Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының
меншік құқығы танылатын темір жол учаскелерінің тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР 23.11.2010 № 355-IV Заңымен.
А. Ресей темір жолдарының құрамына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, мүлкі Ресей Федерациясының меншігі болып табылатын учаскелер:
Привольжье темір жолы
Мемлекеттік шекара - Молодость разъезі - мемлекеттік шекара
(Верхний Баскунчак - Урбах желісі)
Мемлекеттік шекара - Жәнібек станциясы - мемлекеттік шекара
(Верхний Баскунчак - Урбах желісі)
Оңтүстік Орал темір жолы
Мемлекеттік шекара - Исян аялдама пункті - Еманкино аялдама пункті - мемлекеттік шекара
(Қарталы - Золотая Сопка желісі)
Мемлекеттік шекара - Орленок аялдама пункті - Петропавл станциясын қоса алғанда — Қарақоға станциясы - мемлекеттік шекара
(Қорған - Петропавл желісі)
Мемлекеттік шекара - Союзная станциясы - мемлекеттік шекара
(Разведка - Рудный Клад желісі)
Батыс Сібір темір жолы
Мемлекеттік шекара — Өрлітөбе басып озу пункті - Қызылтұз басып озу пункті - мемлекеттік шекара
(Ертіс - Қарасу желісі)
Б. Қазақстан темір жолдарының құрамына кіретін, Ресей Федерациясының аумағында орналасқан, мүлкі Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын учаскелер:
Мемлекеттік шекара - Уютный разъезі - Қосарал разъезі - мемлекеттік шекара
(Озинки - Илецк - Қандыағаш желісі)
Мемлекеттік шекара - Локоть станциясы
(Локоть - Семей желісі)
Локоть станциясы — Третьяково станциясы - мемлекеттік шекара
(Локоть - Защита желісі)
Осы Келiсiмнiң қызмет аясына қатысты темiр жол учаскелерi бойынша жолаушылар
мен жүктердi тасу кезiнде қолданылатын темiр жол тарифтерiнiң
тәртiбi
Ресей Федерациясының өз iшiнде және Қазақстан Республикасының өз iшiнде жолаушылар мен жүктердi транзитпен тасымалдауы кезiнде құрамына осы учаскелер енетiн темiр жолдың тарифтерi N 1 қосымшаға сәйкес қолданылатын болады.
Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ресейлiк темiр жол стансаларына бағытталған, және керi қарай, және Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстанның темiр жолы стансаларынан Ресей темiр жол стансаларына және керi қарай бағытталған жолаушылар мен жүктердi тасымалдау кезiнде Ресей Федерациясының темiр жолдарындағы пәрмендi тарифтерi қолданылады.
Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясының аумағында орналасқан қазақстандық темiр жол стансаларына бағытталған, және керi қарай, және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ресейлiк темiр жол стансаларынан Қазақстанның темiр жол стансаларына, және керi қарай бағытталған жолаушылар мен жүктердi тасымалдау кезiнде Қазақстан Республикасының темiр жолдарындағы пәрмендi тарифтер қолданылады.
Аталмыш тасымалдаулар үшiн валюта төлемi жақтардың мемлекетiнде пәрмендi ережелерге сәйкес белгiленедi.
Осы Келiсiмнiң N 1 Қосымшасында көрсетiлген темiр жол учаскелерiнде жолаушылар мен жүктердi тасымалдау кезiнде аумағында осы учаскелер орналасқан сол мемлекеттiң iшкi тарифтерi қолданылады. Бұл жағдайда тасымалдау үшiн төлемдер аумағында тасымалдау орындалатын мемлекеттiң валютасымен алынады.
Халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауда пәрмендi халықаралық Келiсiмдерге сәйкес белгiленген тарифтер қолданылады.