Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 желтоқсандағы N 1523 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 2 шiлде N 1046. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.01.13. N 9 қаулысымен. ~P980009

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығына конкурс-аукцион өткiзу жөнiнде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 желтоқсандағы N 1523 қаулысына P961523_ мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығына арналған конкурс-аукцион өткiзу жөнiндегi комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi басқармасының бастығы Ж.Р.Мажренов (келiсiм бойынша) енгiзiлсiн;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары Сиқымбаев Д.Д. басқа жұмысқа ауысуына байланысты аталған комиссияның құрамынан шығарылсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi