Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 12 маусым N 956. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінiң 2000.08.12. N 1253 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды – ҚР Үкіметінiң Үкіметінiң 12.08.2000. № 1253 қаулысымен.

      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ТМД

      Сыртқы экономикалық қызметiнiң бiрыңғай тауарлық номенклатурасы туралы үкiметаралық Келiсiмдерiн жүзеге асыру және тауарлардың кодтары мен сипаттамаларын оның жаңа редакциясына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. "Биржалық тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 26,

      302-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      "қара бидай" деген жолдағы:

      "1002" деген сан "100200000" деген санмен ауыстырылсын;

      "Арпа" деген жолдағы:

      "1003" деген сан "100300" деген санмен ауыстырылсын;

      "Сұлы" деген жолдағы:

      "1004" деген сан "100400000" деген санмен ауыстырылсын;

      "Сорго" деген жолдағы:

      "1007" деген сан "100700" деген санмен ауыстырылсын;

      "Уатылған және уатылмаған соя 1201" деген жол мынадай

      редакцияда жазылсын:

      "жарылған не жарылмаған соя бұршақтары "120100".

      "рапстың уатылған және уатылмаған тұқымы" деген жолдағы:

      "1205" деген сан "120500" деген санмен ауыстырылсын;

      "Дәндi күрiш, жарма күрiш" деген жолдағы:

      "1206" саны "120600" деген санмен ауыстырылсын;

      "Замш (қой, қозы және басқа да жануарлардың терiсiн қоса)" деген жолдағы:

      "4108" деген сан "410800" деген санмен ауыстырылсын;

      "Қаракөл елтiрiсi" деген жолдағы:

      "43013000" деген сан "430130000" деген санмен ауыстырылсын;

      "Талшықты мақта" деген жолдағы "5201, 5203" деген сандар

      "520100, 520300000" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Жануарлардың жүндерi (биязы немесе бұдыр) ангор қояны, түйе, ангор ешкiсi 5102" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ангор қоянының, түйенiң, ангор ешкiлерiнiң биязы жүнi 5102";

      "Мұнай өңдеу өнiмдерi" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өңделмеген мұнайдың ұқсатылған өнiмдерi 271000270-271000320",

      "271000340, 271000360", "271000740-271000780".

      2. Осы қаулы 1997 жылдың 15 маусымынан бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi