Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 23 мамыр N 876. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.11.20. N 1622 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық өкiлдiктерiнiң қалыпты жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау және жылжымайтын мүлiк объектiлерiн жалға алуға кететiн жылдық шығыстарды қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдiгiндегi Елшiлiгiн: 20 avenue Van Bever 1180 Bruxelles мекен-жай бойынша орналастыру үшiн Қазақстан Республикасының меншiгiне құны 45 (қырық бес) млн. бельгия франкiсiнде ғимарат сатып алу туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Аталған сатып алу аталған жобаға үкiмет кепiлдiгiмен берусiз "Generale de Banque" банкiнiң 10 жыл мерзiмге 35 (отыз бес) млн. бельгия франкi мөлшерiндегi несие ресурстарын тарту және 1997 жылға арналған республикалық бюджетте республиканың шет елдегi елшiлiктерi мен өкiлдiктерiн ұстауға көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жыл сайын республикалық бюджетте жоғарыда аталған ұзақ мерзiмдi несиенi өтеуге қажеттi қаржы бөлудi көздесiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi