Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 қаңтардағы N 56 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 15 мамыр N 835. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Алатау" АҚ Алматы мамандандырылған конструкторлық бюросының мүлiктiк кешенi туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 1 қарашадағы N 715 P960715_ қаулысында жазылған шешiмiне келiсiм берiлсiн.
      2. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментiне жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi