Қауiптi және басқа да қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға бақылау жасау туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 28 сәуiрдегi N 670

      Төлем қабiлетi жоқ (дәрменсiз) кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру, оңалту, тарату мәселелерiнде бiрыңғай саясат жүргiзу және мемлекет мүддесiн қамтамасыз ету, аталған жұмыстарды жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi белгiленген тәртiппен: 
      "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" акционерлiк қоғамын құрсын; 
      құрылатын акционерлiк қоғам активтерiнiң тiзбесi мен құрылымын белгiлесiн, оның iшiнде жарғылық қорға мемлекеттiң жарнасы ретiнде Қазақстан Республикасының таратылған Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру агенттiгiнiң балансындағы мүлiк пен негiзгi қаражатты, мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитеттер мүлкi мен негiзгi қаражатының бiр бөлiгiн берсiн; 
      бiр ай мерзiм iшiнде аталған акционерлiк қоғамның Жарғысын бекiтсiн және оны тiркесiн; 
      акционерлiк қоғамды Алматы қаласы, С.Мәуленов көшесi, 92-үйде орналасқан қызметтiк үй-жаймен қамтамасыз етсiн. 
      2. "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" акционерлiк қоғамы банкроттық туралы заңдардың шеңберiнде дәрменсiздiк пен банкроттың алдын алуды, оңалту рәсiмдерiн, дәрменсiз мемлекеттiк кәсiпорындарды, сондай-ақ жарғылық қорында мемлекет үлесi бар шаруашылық серiктестiктерiн санациялауды, таратуды және қайта ұйымдастыруды жүзеге асыру мәселелерiнде мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi деп белгiленсiн. 
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн. 

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi