Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң құрылымы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 22 сәуiр N 631. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"

1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының  

Z934200_

 
9-бабына сәйкес қаулы етемiн:
     1. Асықата, Жетiсай, Мақтарал аудандары таратылсын, олардың
аумағында әкiмшiлiк орталығы Жетiсай қаласында болатын Мақтарал
ауданы құрылсын.
     2. Сарыагач қаласы Сарыағаш қаласы болып аталсын.
     3. Келес және Сарыағаш аудандары таратылсын, олардың
аумағында әкiмшiлiк орталығы Сарыағаш қаласында болатын Сарыағаш
ауданы құрылсын.
     4. Түркiстан ауданы таратылсын.
     5. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты iске асыру
жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын.

     Қазақстан Республикасының
            Президентi