Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң
мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 31 тамыздағы N 1208 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
7-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Басқарма төрағасының үш орынбасарын ұстауға";
аталған қаулыға қосымшада:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi
Басқармасының құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Жандосов О.Ә. - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
төрағасы;
Қалмырзаев С.С. - Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк пен
активтердi басқару департаментiнiң
директоры
аталған банк Басқармасының құрамынан:
В.В.Соболев, М.М.Гейдаров, С.А.Аханов, А.Б.Насенов,
С.Н.Сансызбаев және С.Ш.Сейсенбаев шығарылсын.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiн
акционерлендiру жөнiндегi ұйымдастыру шараларын жүргiзу кезеңiнде
Қазақстан Эксимбанкi Басқармасына Қазақстан Республикасының Үкiметi
атынан әлеуеттi инвесторлармен келiссөздер жүргiзу уәкiлеттiгi
берiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi