"Орталық атқарушы органдардың құрылымын жетiлдiру және мемлекеттiк органдардың санын қысқарту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 29 қазандағы N 3168 U963168_ Жарлығының 7-тармағының 2 және 6 тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының
Үкiметi қаулы етедi:
1.
Ескерту. 1-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.11.21. N 1636
қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң
қосымшаға сәйкес күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 3 наурыздағы
N 290 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
1. "Қазақ КСР Еңбек министрлiгi мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 7 маусымдағы N 363 қаулысы;
2. "Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 30 желтоқсандағы N 818 қаулысы (ҚазКСР ҚЖ, 1991 ж., N 27, 196-құжат);
3. "Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң Қазақ еңбек және жұмыспен қамту проблемалары ғылыми-зерттеу институтын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 31 желтоқсандағы N 822 қаулысының 8-тармағы;
4. "Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 ж. 29 маусымдағы N 561 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 25, 400-құжат);
5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 ақпандағы N 115 қаулысымен (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 5, 62-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың 5-тармағы;
6. "Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 17 маусымдағы N 741 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 28, 244-құжат).