Ауылдық жерлердегi жылжымайтын мүлiктердi, (жер учаскелерi, тұрғын үйлер, пәтерлер, саяжайлар, гараждар, құрылыстар және өзге жылжымайтын мүлiктер) иесiздендiру туралы шарттарды куәландырғандығы үшiн мемлекеттiк баж ставкалары туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 25 ақпандағы N 264. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      "Мемлекеттiк баж туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 65 Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Ауылдық жерлердегi жылжымайтын мүлiктердi, (жер учаскелерi, тұрғын үйлер, пәтерлер, саяжайлар, гараждар, құрылыстар және өзге жылжымайтын мүлiктер) иесiздендiру туралы шарттарды куәландырғандығы үшiн мынадай мемлекеттiк баж ставкалары белгiленсiн: 
      күрделiлердi (үлестердi есептеумен, үйдiң немесе пәтердiң бөлiгiн сату туралы қоса иеленушiнiң шақыруымен немесе жазбаша ескертпемен): 
      балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерiне, немерелерiне - 250 процент; 
      басқа тұлғаларға - 350 процент; 
      қарапайымдарды: 
      балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерiне, немерелерiне - 200 процент; 
      басқа тұлғаларға - 250 процент. 
      2. Мемлекеттiк баждың тiркелген проценттiк ставкалары мемлекеттiк бажды төлеу күнiне республикада белгiленген есептi көрсеткiштiң мөлшерiн негiзге ала отырып есептеледi. 
      3. Осы қаулы жариялауға жатады. 

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi