Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелерiн шығару туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жыл 24 ақпандағы N 256

      "Тұранбанк" қазақ акционерлiк банкi мен Alembank Kazakstan қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 қаңтардағы N 73 P970073_ қаулысын орындау және "ТұранӘлем Банк" акционерлiк қоғамының өтiмдiлiгiн жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1997 жылға арналып көзделген және "ТұранӘлем Банк" жабық акционерлiк қоғамының капиталын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген нормативтердегi деңгейге дейiн жеткiзу үшiн қажеттi қаражат шегiнде кейiн оларды "ТұранӘлем Банк" жабық акционерлiк қоғамына беретiн болып мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелерiн шығаруды жүзеге асырсын;
      мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi уақтылы өтеудi 1997 жылдың бюджетiнде осы мақсаттарға арнап көзделген қаражат шегiнде жүргiзсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi