Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 18 ақпан N 231. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.23. N 646 қаулысымен. ~P970646

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 58 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiне министрдiң 3 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасар, сондай-ақ саны 13 адамдық алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
      4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1794 қаулысы;
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы

N 1794 қаулысына өзгерту енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 сәуiрдегi N 404 қаулысы;
     "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жекелеген шешiмдерiне
өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996
жылғы 24 қазандағы N 1293 қаулысының 3-тармағы.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрiнiң
        бiрiншi орынбасары

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 18 ақпандағы
                                          N 231 қаулысына
                                              қосымша

          Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi
                   министрлiгi орталық аппаратының
                               ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық
     Өндiрiстiк-қаржы бағдарламасы
     Техникалық саясат бөлiмi
     Инвестициялық саясат басқармасы
     Сыртқы байланыстар бөлiмi
     Жалпы бөлiм