Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының 1997 жылға арналған бюджетi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 13 ақпандағы N 209

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақ КСР-i Заңына және "1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының 1997 жылға арналған бюджетi қосымшаға сәйкес кiрiстерi мен шығыстары бойынша 9334224 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының қаражатын нысаналы пайдалануды қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi

Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына мiндеттi сақтандыру
жарналарының толық және уақтылы жиналуын қамтамасыз етуге
жәрдемдессiн.
     4. Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының қаражатын
нысаналы жұмсауға бақылау жасау оның басқармасы мен тексеру
комиссиясына жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1997 жыл 13 ақпандағы
                                         N 209 қаулысымен
                                            бекiтiлген

              Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының
                        1997 жылға арналған бюджетi

           КIРIСТЕР                   мың теңге

     1. Жұмыс берушiлердiң мiндеттi сақтандыру
     жарналары - барлығы                               8070000
     соның iшiнде:
     бюджет ұйымдарын есептемегенде (2,0%)             7300000
     бюджеттiк ұйымдарда (1,0%)                         770000
     2. 1996 жылғы мiндеттi сақтандыру жарналары
     бойынша берешектi өтеу есебiне түсетiн             545133
     қаражат
     3. Өсiмдер мен айыппұлдар                          150000
     4. Халықаралық Қайта Жаңғырту және Даму
     банкi займның түсуi                                562591
     5. Бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан       6500
     түсетiн кiрiс

     КIРIСТЕР ЖИЫНЫ                                    9334224

                   ШЫҒЫСТАР

     1. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу            5236425
     2. Жұмыссыздарды кәсiпке даярлау және қайта оқыту  860938
     соның iшiнде:
     жұмыссыздарды қайта оқытуға арналған шығындар      529808
     шағын бизнес пен кәсiпкерлiкке оқытуға арналған
     шығындар                                           331130
     3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру                 203580
     4. Мүгедектерге жабдық пен бейiмделген керек-жарақ
     сатып алуға жұмсалған шығынның орнын толтыру        14000
     5. Жаңа жұмыс орындарын құруды және жеке
     кәсiпкерлiктi дамытуды қолдау                     1224636
     6. Халықпен, жұмыс берушiлермен ақпараттық-
     анықтамалық жұмыс жүргiзуге және жарнамалық         59000
     қызмет көрсетулерге жұмсалатын шығындар
     7. Қазақстанның Халық Банкiнiң көрсететiн қызметi   48943
     8. Жұмыспен қамту қызметiн ұстау                   646576
     9. Халықаралық Қайта Жаңғырту және Даму Банкiнiң
     займына сәйкес үлгiлiк орталықтарды жөндеуге        29786
     қатысты бөлiгiн қосымша қаржыландыру
     10. Халықаралық Қайта Жаңғырту және Даму Банкiнiң
     займына сәйкес үлгiлiк орталықтарды пайдалануға
     беру кезiнде жөндеуге, материалдық қамтамасыз
     етуге, оқыту мен қызметтерге жұмсалатын шығындар   562591
     11. Халықаралық Қайта Жаңғырту және Даму Банкiнiң
     займдарын пайдаланғаны үшiн процент төлеу           21749
     12. Тұрғын үй құрылысында қосымша жұмыс орындарын
     құру                                               400000
     13. Қаржылық құнды қағаздарға салу                  26000
     шығыстар жиыны                                    9334224
     Шығыстардың кiрiстерден асып түсуi                      0