Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 1533 және 1997 жылғы 7 қаңтардағы N 14 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жыл 13 ақпандағы N 206 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен (P050124)

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Ақтөбе облысының тұтынушылары үшiн электр энергиясына тарифтер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 мамырдағы N 670 қаулысы;
      "Батыс Қазақстан облысының халқы үшiн электр энергиясына арналған тарифтер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 қыркүйектегi N 1167 қаулысы.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi