Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1994 жылғы 11 қаңтардағы N 56 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қаңтардағы N 113 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен (P050124)


     Республика азаматтарына зейнетақылар мен еңбекақының уақтылы
төленуiн жедел бақылауды күшейту мақсатында:
     1. Қазақстан Республикасының Президентi жанынан мынадай
құрамда Жедел жұмыс тобы құрылсын:

     Бәйменов Ә.М.        - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
                            Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары,
                            топ басшысы
     Бегахметов Т.Қ.      - Қазақстан Республикасы Үкiметi
                            Аппаратының Басшысы, топ басшысының
                            орынбасары

     Топ мүшелерi:

     Ауанов М.Қ.          - Қазақстан Республикасының Қаржы
                            министрлiгi жанындағы Қаржы-валюта
                            бақылау комитетiнiң төрағасы
     Есенбаев М.Т.        - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
                            салық комитетiнiң төрағасы
     Имашев Б.М.          - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
                            салық комитетi Салық полициясы
                            Бас басқармасының бастығы
     Коржова Н.А.         - Қазақстан Республикасы Еңбек және
                            халықты әлеуметтiк қорғау министрi
     Мұхаметжанов Б.Ә.    - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
                            Әкiмшiлiгi Заң және сот жүйесi
                            мәселелерi жөнiндегi бөлiмiнiң
                            меңгерушiсi
     Оразбақов Ғ.I.       - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
                            жанындағы Жоғары экономикалық кеңес
                            Хатшылығының меңгерушiсi
     Сәйденов Ә.Ғ.        - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
                            Төрағасының орынбасары
     Сәрсенбаев А.С.      - Қазақстан Республикасы Баспасөз және
                            бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi
                            ұлттық агенттiгiнiң төрағасы
     Шуткин С.И.          - Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры



      2. Жедел жұмыс тобының негiзгi мiндетi министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, өзге де орталық атқарушы органдар басшыларының, сондай-ақ меншiк нысандарына қарамастан, заңды тұлғалардың Республика азаматтарына еңбекақы мен зейнетақыларды уақтылы және толық төлеу туралы заң талаптарын орындауын бақылау болып табылады.
      Көзделген өкiлеттiктердi iске асыру үшiн топ мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардан барлық қажеттi ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұратып, алдырып отырады.
      3. Топ басшысы Қазақстан Республикасының Президентiне орындалған жұмыс туралы ұдайы хабарлап отыратын болсын.
     Қазақстан Республикасының
          Президентi