Қазақстан Республикасының қара металлургия және алюминий салаларының шикiзат базасы кәсiпорындарының өнiм шығару көлемiн ұлғайтуды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 24 қаңтар N 100. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.02.02. N 177 қаулысымен. ~P010177

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      Еңбекақының, зейнетақылардың, жәрдемақылардың уақтылы төленуiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi төлемдердiң аударылу тәртiбiн сақтау мақсатында қаулы етемiн:
      1. "Кәсiпкерлiк қызмет бостандығына мемлекеттiк кепiлдiктердi iске асыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 14 маусымдағы N 3036 U963036_ Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 27, 227-құжат) 2-тармағының 1-тармақшасы "егер заңда өзгеше көзделмеген болса" сөздерiнiң алдынан "еңбекақының, зейнетақылардың, жәрдемақылардың уақтылы төленуiн, Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi төлемдердiң аударылу тәртiбiн сақтауды тексерулердi қоспағанда" сөздерiмен толықтырылсын.
      2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi