Екiншi деңгейдегi банктердiң акцияларын мәжбүр етiп сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi басқармасының ұсынысымен келiсу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 15 қаңтар N 71

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Тұранбанк" қазақ акционерлiк банкi мен Alembank Kazakstan акцияларын мәжбүр етiп сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi басқармасының ұсынысына келiсiм берiлсiн.
     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары