Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 9 қазандағы N 851 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жыл 14 қаңтардағы N 60

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктi құрылғыларды алу, жобалау, жасау (орнату) пайдалану және шет елдерден әкелу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 9 қазандағы N 851 P920851_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 39, 558-құжат) бекiтiлген "Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктi құрылғыларды алу, жобалау, жасау (орнату) пайдалану және шет елдерден әкелу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Ережеге мынадай

 

толықтырулар енгiзiлсiн:

     2-тармақтың үшiншi абзацындағы "Қорғаныс министрлiгi" деген

сөзден кейiн "Мемлекеттiк тергеу комитетi" деген сөзбен

толықтырылсын;

     22-тармақтағы "органдары" деген сөзден кейiн "Мемлекеттiк тергеу

комитетi" деген сөзбен толықтырылсын.


     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрiнiң

      бiрiншi орынбасары