Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 шiлдедегi N 908 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 24 шiлдедегi N 926a

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қарағанды көмiр бассейнiнiң кәсiпорындарын қаржы-экономикалық сауықтыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 шiлдедегi N 908 P960908_ қаулысына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Долинская", "Шерубай Нұра" шахталары оларды жабу жөнiндегi жұмысты жүргiзу үшiн "Карагандаликвидшахт" мамандандырылған кәсiпорнынан берiлсiн";
      6-тармақ 7-тармақ болып саналсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда берiлсiн:
      "6. "Карагандаликвидшахт" мамандандырылған кәсiпорны 1996 жылғы

1 тамызға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне жою
жұмыстарын жүргiзу бағдарламасын тапсырсын".
     Осы қаулыға 1 қосымшадан "Долинская" шахтасы, "Шерубай-Нұра"
шахтасы сөздерi алынып тасталсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi