Құпия өнертабыстар үшiн өтемақылар мен сыйақылардың сараланған мөлшерiн және оларды төлеудiң тәртiбiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 желтоқсан N 1470 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен (P050124)

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүддесiн қорғау, құпия өнертабыстарды жасау мен пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Патент иесiне өнертабысты құпиялағаны үшiн, өнертабыстың құндылығына қарай, есептiк көрсеткiштiң 10-нан 15-ке дейiнгi мөлшерiнде өтемақылар төлеу бекiтiлсiн. 
      2. Авторларға құпия өнертабыстар жасағаны үшiн бiржолғы көтермелеу сыйақысын, сондай-ақ оларды пайдаланғаны үшiн сыйақыны төлеу тараптардың арасындағы келiсiмге сәйкес белгiленген мөлшерде жүргiзiлсiн, бұл ретте сыйақы сомасы есептiк көрсеткiштен кем болмайды. 
      3. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы алдын ала патент немесе патент бергеннен соң бiр ай мерзiм iшiнде өнертабыстарды құпиялағаны үшiн ақшалай өтемақы мен бiржолғы көтермелеу сыйақысын төлеудi, сондай-ақ патент бажын төлеудi және құпия өнертабысқа арналған өтiнiмдердi сараптауға ақы төлеудi жүргiзсiн. 
      4. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. 

       Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi