Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 мамырдағы N 646 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 30 қарашадағы N 1458. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.05.27. N 484 қаулысымен. ~P980484

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушылармен контрактiлер жасау және оны орындау жөнiндегi Құзыреттi органы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 мамырдағы N 646 P960646_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      2-тармақта:
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "мұнай операцияларын жүргiзу бойынша - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi, ал бiрлескен кәсiпорындар құру кезiнде - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң келiсiмiмен";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Табиғи ресурстарды өндiретiн кәсiпорындарды, олардың салалық тиесiлiгiне қарамастан жекешелендiру немесе мүлiктiк жалдау (концессия) жағдайында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi";
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "Кәсiпорындарды жекешелендiруге әзiрлеудi және инвесторлармен

 

осы процеске қатысты келiссөздер жасауды тиiстi салалық министрлiктер

жүзеге асырады деп белгiленсiн";

     5-тармақ 6-тармақ деп саналсын.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi