Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдары аппаратының санын және оны ұстауға арналған шығындарды қысқарту

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 21 қараша N 1425. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.21. N 1433 қаулысымен. ~P991433

      "Орталық атқарушы органдардың құрылымын жетiлдiру және мемлекеттiк органдардың санын қысқарту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 29 қазандағы N 3168 U963168_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың аппараты қызметкерлерiнiң шектi саны, сондай-ақ министрлердiң орынбасарлары, мемлекеттiк комитеттердiң төрағалары мен басқа да орталық атқарушы органдардың басшылары лауазымдарының саны 1-3 қосымшаларға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметкерлерiне қызмет көрсетуге арналған қызметтiк жеңiл автомобильдер саны 4-5-қосымшаларға сәйкес белгiленсiн.
      Осы қаулыда көзделген шараларды жүргiзудiң нәтижесiнде босатылған жеңiл автомобильдер, белгiленген тәртiппен аукцион арқылы сатылсын.
      3. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және өзге де орталық атқарушы органдар екi апта мерзiмде орталық аппараттың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген құрылымын Қазақстан Республикасының Үкiметiне тапсырсын.
      4. Министрлер, мемлекеттiк комитеттердiң төрағалары оларға ведомстволық бағыныстағы комитеттердiң, ведомстволардың штат саны мен құрылымын айқындасын.
      5. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары:
      1997 жылдың 1 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының заңдарына қатаң сәйкестiкте қызметкерлер санын қысқарту жөнiнде жұмыс жүргiзсiн;
      1996 жылғы 1 желтоқсанға дейiн аппараттың штат кестесiн 6-қосымшада көзделген басшы және басқа қызметкерлер санының нормативтерiн сақтай отырып, белгiленген адам саны мен жалақы қоры шегiнде бекiтсiн;
      "Қызметтiк телефондар мен мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 қазандағы N 1217 қаулысымен бекiтiлген басқару аппаратын ұстауға арналған мемлекет қаржысын жұмсаудағы үнем режимiн және мемлекеттiк органдар аппаратын орналастыруға арналған алаң нормативiн қатаң сақтауды қамтамасыз етсiн;
      мұнда бекiтiлген нормаларды басшылыққа ала отырып мемлекет қаражатын делегациялар мен жеке адамдарды қабылдау мен қызмет көрсетуге жұмсалатын шығысты шектеу жөнiнде шаралар қабылдасын.
      6. Облыстардың, аудандардың және қалалардың әкiмдерi 1996 жылғы 1 желтоқсанға дейiн жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың қызметкерлерi санын 10 процентке қысқарту жөнiндегi жұмысты жүзеге асырсын.
      7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен оның жергiліктi органдары:
      министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ оларға ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басқару аппаратын ұстауға арналған мемлекет қаржысын жұмсауда қаржы тәртiбiн сақтауына және қатаң үнемдеу режимiн жүргiзуiне бақылауды күшейтсiн;
      мемлекет қаражатын заңсыз жұмсау фактiлерi анықталған жағдайда, оларды жою жолдары мен тиiстi лауазымды адамдарды жауапқа тарту шаралары қолданылсын.
      8. "Орталық атқарушы органдардың құрылымын жетiлдiру және мемлекеттiк органдардың санын қысқарту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 29 қазандағы N 3168 Жарлығына сәйкес жаңадан құрылғандар мен қайта ұйымдастырылғандарға Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен, Экономика министрлiгiмен, Әдiлет министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының өзге де мүдделi орталық атқарушы органдарымен келiсiлген осы органдар туралы Ереженiң жобасын бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынсын.
      9. Министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға бiр жыл iшiнде адам санын, басшының орынбасарларын, қызметтiк жеңiл автомобильдер лимитiн және аппаратты ұстауға арналған шығыстарды көбейту туралы өтiнiш беруге тыйым салынсын. Аталған мәселе жөнiндегi ұсыныстар алдағы жылға арналған бюджеттiң жобасымен бiрге қаралады деп белгiленсiн.
      10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiмде қызметтiк үй-жайларды түгендеудi аяқтасын және штат санына қарай жекелеген министрлiктердi, мемлекеттiк комитеттер мен өзге орталық атқарушы органдарды көшiру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс тапсырсын.
      11. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мүдделi атқарушы органдармен бiрге бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтiру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзсiн.
      12. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары аппаратының санын және оны ұстауға жұмсалатын шығындарды қысқарту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 2 қарашадағы N 1442 P951442_ қаулысы;
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 мамырдағы N 583 P960583_ қаулысының 1-тармағы;
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 2 қарашадағы N 1442 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 мамырдағы N 648 P960648_ қаулысы;
      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң жекелеген

мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 14
қазандағы N 1258  

P961258_

  қаулысының 12-тармағы;
     "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жекешелеген шешiмдерiне
өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996
жылғы 24 қазандағы N 1293  

P961293_

  қаулысының 1-тармағы.

                                Қосымшалар 1-6 қазақ
                                тiлiнде жоқ. 
     ЕСКЕРТУ. 1,3,4-қосымшаларына өзгерiстер енгiзiлген - ҚРҮ-нiң
              1997.02.  N 215 қаулысымен,  

P970215_

  бiрақ бұл
              документ РЦПИ-ға түскен жоқ.
     ЕСКЕРТУ. 2,5-қосымшалар 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа
              редакцияда берiлдi, 1,3,4,6-қосымшалар алынып
              тасталды - ҚРҮ-нiң 1997.06.05. N 930 қаулысымен.
               

P970930_

 
     ЕСКЕРТУ. 5-қосымша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.10.30. N 1466 
              қаулысымен.  

P971466_

 



                                                      КӨШIРМЕ

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 5 маусымдағы N 930 қаулысына 1-қосымша


          Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орталық

     атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң
                          шектi саны
     _______________________________________________________________
     Орталық атқарушы органдары                      Адам саны
     аумақтық бөлiмшелерiнiң атаулары
     _______________________________________________________________


     Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң
     Жылжымайтын мүлiктердi тiркеу жөнiндегi
     қызметтi қоса алғанда, облыстық, қалалық
     басқармалары                                        701*
<*>

     ___________________________________________

     Ескерту: 
<*>
 Сан жылжымайтын мүлiктердi тiркеу
                  жөнiндегi қызметтi ескере отырып
                  келтiрiлдi
     ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288
              қаулысымен.  

P980288_

 
     ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.09.16. N 907
              қаулысымен.  

P980907_

 



                                                      КӨШIРМЕ

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 5 маусымдағы N 930 қаулысына 2-қосымша


          Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және

        республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын өзге де
        орталық және жергiлiктi атқарушы органдары аумақтық
        бөлiмшелерiнiң қызметтiк жеңiл автомобильдер санының
                               ЛИМИТI
     _______________________________________________________________
         Атаулары                               Автомобильдер саны
     _______________________________________________________________

     Әдiлет мекемелерi:                                 383
     облыстардың, Алматы қалалық соттары                 55
     аудандық (қалалық) соттар                          293
     Әдiлет басқармалары                                 35
 
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi