"1996-2000 жылдарға арналған құрылыстардың өндiрiстiк базасын құрылымдық қайта құру" бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 қараша N 1366 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Республикалық мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiне Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Iс басқармасы өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi баспаханасының базасында еншiлес кәсiпорын - Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Республикалық

мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң баспаханасын құруға
рұқсат етiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Республикалық
мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi жоғарыда аталған
баспахана жарғысын белгiленген тәртiппен бекiтсiн.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары