Азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын өзгерту, қалпына келтiру мен жою тәртiбi және азаматтық хал актiлерiн тiркеу кiтаптарын сақтау мерзiмдерi туралы және Қазақстан Республикасы азаматтарының тегiн, есiмiн және әкесiнiң атын өзгерту жөнiндегi өтiнiмдердi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 26 қыркүйек N 1175. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1999.05.22. N 620 қаулысымен. ~P990620

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң алған мұнай өнiмдерi үшiн өнiм берушiлер алдындағы берешегiн өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "Мұнай-газ" мемлекеттiк холдинг компаниясы жанындағы "Мұнай-Комплект" фирмасынан алған мұнай өнiмдерi үшiн кредиттiк берешегiн өтеу есебiне "Мұнай-Комплект" фирмасының Павлодар қаласындағы Павлодар мұнай өңдеу заводы жанындағы өкiлеттi өкiлi "Радикал ЛТД" фирмасының республикалық бюджетке төлемдер бойынша жалпы сомасы 96043 мың (тоқсан алты миллион қырық үш мың) теңге, оның iшiнде:
      заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша - 31043 мың

(отыз бiр миллион қырық үш мың) теңге;
     қосылған құнға салынатын салық бойынша - 31000 мың (отыз бiр
миллион) теңге;
     акциздер бойынша 34000 мың (отыз төрт миллион) теңге берешегiн
есептесiн;
     аталған соманы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн
қаржыландыру есебiне оны республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс
бөлiктерiнде көрсете отырып есептесiн.
     2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң оған берiлген
мұнай өнiмдерi үшiн төлемдi кешiктiргенi үшiн айыппұл санкцияларын
қолданбау туралы ұсынысымен келiсiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi