Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын экономикалық тұрақтандыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 20 тамыз N 1030

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Көкшетау облысы әкiмiнiң жауапкершiлiгiне берудi жаңарту Тәртiбiнде мемлекеттiк резервтен, оны 1996 жылғы 1 қазанға дейiн мемлекеттiк резервке қайтаратын Көкшетау облысы әкiмiнiң кепiлдiктi мiндеттемесiмен Көкшетау облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге 18 мың тонна дизель отыны мен 10 мың тонна бензин босатсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанар-жағар май материалдары мемлекеттiк резервке дер уақытында қайтарылмаған жағдайда кепiлдiктi мiндеттеменi Көкшетау облысының жеке облыстық бюджетiнен даусыз өндiрiп алуға айналдырсын.
      3. Көкшетау облысының әкiмi (Д.Б.Жанғалов), Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрi (С.Ш. Ақымбеков), Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi (Қ.Ш.Толымбеков) мемлекеттiк резервтi жанар-жағар май материалдарымен белгiленген мерзiмде толтыруды қамтамасыз етсiн.

      Премьер-Министр