Қару-жарақты, әскери техниканы, сондай-ақ оларды өндiруге байланысты шикiзатты, материалдарды, жабдықтарды, технологиялар мен қызмет көрсетулердi экспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесiн енгiзу жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 19 тамыз N 1025

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сақтандыру туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы N 2475 U952475_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 19, 115-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
      "Мiндеттi сақтандыру ерекшелiктерi, осы Жарлықта көзделгеннен басқа жағдайларда, арнайы заңдармен реттеледi";
      2) 5-баптың 2-тармағының бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда

 

жазылсын: "Мiндеттi сақтандыру түрлерi, осы Жарлықта көзделгеннен

басқа жағдайларда, заң актiлерiмен белгiленедi";

     3) 5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

     "Егіндi, көп жылдық өсiмдiктердi, ауылшаруашылық жануарларын,

қозғалатын және қозғалмайтын мүлiктi, ауылшаруашылық өндiрiсiнiң

өнiмдерi мен тауарларын қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардан,

эпизоотиядан және басқа дүлей зiлзаладан мiндеттi сақтандыру

белгiленсiн".


     Қазақстан Республикасының

         Президентi