Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң жанындағы қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет туралы Ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 29 шiлде N 942. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.20. N 851 қаулысымен. ~P970851

      Электр және жылу энергияларына (қуатына) баға белгiленуiне мемлекеттiк бақылау мен реттеудi қамтамасыз ету, энергия өндiрушiлердiң бәсекелестiгiне жағдайлар туғызу мақсатында және "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2724 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы мемлекеттiк реттеушi комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Электр энергетикасындағы мемлекеттiк реттеушi комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi электр энергетикасындағы мемлекеттiк реттеушi комиссияның жұмыс органы болып белгiленсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң        
1996 жылғы "25" шiлдедегi  
N 929 қаулысына      
қосымша        

Электр энергетикасындағы мемлекеттiк реттеушi комиссияның
ҚҰРАМЫ

      Радостовец Н.В.    - Қазақстан Республикасы Стратегиялық
                           жоспарлау және реформалар жөнiндегi
                           агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы
                           саясат жөнiндегi комитетiнiң төрағасы,
                           Комиссия төрағасы

      Оразбаев Б.Е.      - Қазақстан Республикасының Энергетика,
                           индустрия және сауда министрiнiң
                           орынбасары (вице-министрi), Комиссия
                           төрағасының орынбасары

      Уәйiсов М.К.       - Қазақстан Республикасы Әдiлет
                           министрiнiң орынбасары (вице-министр)

      Попандопуло Е.Н.   - Қазақстан Республикасы Стратегиялық
                           жоспарлау және реформалар жөнiндегi
                           агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы
                           саясат жөнiндегi комитетiнiң табиғи
                           монополияларды реттеу басқармасының
                           бастығы

      Руденко Ю.С.       - Қазақстан Республикасының Қаржы
                           министрлiгi материалдық өндiрiс
                           басқармасының бастығы

      Әбiқанов Ө.Ә.      - Қазақстан Республикасы Стратегиялық
                           жоспарлау және реформалар жөнiндегi
                           агенттiгiнiң Стратегиялық жоспарлау
                           департаментiнiң инфрақұрылымды дамыту
                           басқармасы бастығының орынбасары

      Әлияров К.К.       - Энергетика ҚазҒЗИ директоры

      Мұхамедиев Қ.Ш.    - Қазақстан Республикасы Стратегиялық
                           жоспарлау және реформалар жөнiндегi
                           агенттiгiнiң жалпыұлттық дамудың
                           мемлекеттiк саясаты басқармасы
                           бастығының орынбасары

      Наурызбаев А.К.    - "KEGOC" ашық үлгiдегi акционерлiк
                           қоғамының вице-президентi

      Трофимов Г.Г.      - Энергетикадағы дүниежүзiлiк экономикалық
                           қызмет республикалық орталығының бас
                           инженерi

      Утепов Э.К.        - Қазақстан Республикасының Қаржы
                           министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және
                           жекешелендiру департаментi директорының
                           орынбасары

      Сәдуақасов Э.М.    - Қазақстан Республикасының Көлiк және
                           коммуникациялар министрлiгi экономикалық
                           саясат басқармасының бастығы;

      Тиесов С.А.        - Қазақстан Республикасының Энергетика
                           индустрия және сауда министрлiгi Электр
                           энергетикасы департаментiнiң директоры.

      Жұмабеков Е.М.     - Қазақстан Республикасының Энергетика
                           және табиғи ресурстар министрлiгi
                           Республикалық энергетикалық қадағалау
                           басқармасының бастығы

      ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.06.17. N 981 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.15. N 338 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
1996 жылғы "25" шiлдедегi 
N 929 қаулысымен     
бекiтiлген     

Электр энергетикасындағы мемлекеттiк реттеушi комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы Ережелер

      1. Электр энергетикасындағы мемлекеттiк реттеушi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) консультативтiк-кеңесшi орган ретiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан мына мәселелер бойынша ұсыныстар жасау мақсатында құрылады:
      негiзделген бағаларды қалыптастыру, энергия өндiрушi, энергиямен жабдықтаушы мекемелер мен электр энергиясын тұтынушылар экономикалық мүдделерiнiң келiсу тетiгiн жасау;
      электр энергетикалық кешеннiң жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн арттыру және тарифтердi әлеуметтiк-қолайлы деңгейде қолдау үшiн бәсекелес ортаны қамтамасыз ету;
      энергия тұтынушылардың мүддесiн электр және жылу энергиялары бағаларының (тарифтердiң) монополиялық өсуiнен қорғау;
      2. Комиссия өз құрамына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерiн және Қазақстан Республикасының мүдделi орталық атқарушы органдарын енгiзедi.
      Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      3. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Заңдық және нормативтiк актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      4. Комиссияның құзырына:
      электр энергетикасында баға белгiлеу саласындағы нормативтiк актiлер, ережелер мен ресiмдер жобаларын жасау;
      баға деңгейi бойынша:
      электр энергиясының сатып алу бағаларын (тарифтерiн);
      электр энергиясының Ұлттық энергетикалық жүйесi "Қазақстанэнерго" босататын көтерме бағаларын (тарифтерiн);
      электр энергиясының импорт және экспорт бойынша сатып алынатын немесе босатылатын бағаларын (тарифтерiн);
      электр энергиясының тұтынушыларға берiлетiн электр және жылу энергияларының бағаларын (тарифтерiн) өзгерту мәселелерiн қарау енедi.

II. Комиссияның мiндеттерi мен атқаратын қызметтерi

      5. Электр және жылу энергияларын өндiрумен, жаңғыртумен, берумен, бөлумен, өткiзумен, сатумен, қайта сатумен және өткiзу кезiнде делдалдық етумен байланысты әрбiр лицензия ұстаушы жүзеге асыратын, талап ететiн немесе алатын бағалар (тарифтер) мен төлемдердi реттеу жөнiндегi ұсыныстарды даярлау Комиссияның негiзгi мiндетi болып табылады.
      6. Негiзгi мiндеттерге сүйене отырып, Комиссия:
      Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi, энергия кәсiпорындарының өндiрiстiк-шаруашылық қызметi негiзiнде электр энергетикасында бағаның қалыптасуына талдау жасайды және iстiң жай-күйi туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiне хабарлайды;
      электр энергетикасының баға белгiлеу саласындағы нормативтiк актiлер, ережелер мен рәсiмдер жобалары бойынша ұсыныстар жасайды;
      баға деңгейiнiң өзгеруi жөнiндегi ұсыныстарды;
      электр энергиясының сатып алу бағасын (тарифтерiн);
      электр энергиясының Ұлттық энергетикалық жүйесi "Қазақстанэнерго" босататын көтерме бағасын (тарифiн);
      электр энергиясының импорт және экспорт бойынша сатып алынатын немесе босатылатын бағаларын (тарифтерiн) ;
      электр энергиясының тұтынушыларға берiлетiн электр және жылу энергияларының бағаларын (тарифтерiн) қарайды;
      тұжырымдамаға енгiзу үшiн Комиссия құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiндегi ұсыныстарды және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының бағдарламасын дайындайды;
      шетел және қазақ фирмаларымен, консультанттармен комиссия құзыретiне жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк басқару органдары, энергия кәсiпорындары жасайтын контрактiлердi келiсуге қатысады;
      электр және жылу энергиялары (қуаты) тарифтерiнiң өзгеруi туралы ұсыныстарды қарайды;
      кем дегенде жылына бiр рет электр және жылу энергияларының тарифтерiн белгiлеу әдiстемесiн қарайды.

III. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

      7. Электр энергетикасының мемлекеттiк реттеу комиссиясын Төраға басқарады. Комиссияның құрамына сондай-ақ Төраға орынбасары мен хатшысы кiредi.
      8. Комиссия төрағасы Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және осы Ережеде Комиссияға жүктелген мiндеттер мен қызметтердiң дер кезiнде және сапалы орындалуына жауап бередi.
      9. Комиссия төрағасы болмай қалған жағдайда Комиссия төрағасының орынбасары оның мiндеттерiн атқарады.
      10. Төраға комиссия мәжiлiстерiнiң күнделiктi тәртiбi мен жұмыс кестесiн бекiтедi және ол комиссияның әрбiр мүшесiне күнi бұрын хабарландырады.
      11. Комиссия шешiмдерi Комиссия мүшелерiнiң жәй көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Төрағаның даусы шешушi болып есептеледi.
      12. Комиссияның шешiмдерi оның мәжiлiстерiнiң хаттамаларымен ресiмделедi. Хаттамаға Төраға мен хатшы қол қояды.
      13. Қаралатын iстер бойынша түпкiлiктi шешiм қабылданғанға дейiн Комиссия материалдары жариялауға жатпайды.
      14. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Комиссияның әрбiр мәжiлiсiне материалдар дайындайды және Комиссия төрағасымен келiсiлгеннен кейiн ғана олар Комиссияның әрбiр мүшесiне жеткiзiледi.
      15. Комиссия қызметiн ұйымдық және әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан өзiне жүктелген мiндеттердi орындауға қажеттi ақпараттарды белгiленген тәртiп бойынша сұрауға және алуға;
      сараптама жасап, консультациялар жасап беруге тиiстi сала мамандарын тартуға, қажетiне қарай жұмыс топтарын құруға құқықты.