Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 6 қарашадағы N 1461 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 8 шiлде N 848. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.05.13. N 431 қаулысымен. ~P980431

      Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Кеден қызметiн басқарудың бiрлiгi туралы келiсiмдi жүзеге асыру жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Кеден комитетi жанындағы Ресей

Федерациясының Мемлекеттiк Кеден комитетi өкiлдiгiнiң қызметкерлерiне
шарт негiзiнде ақылы қызмет көрсету үшiн Қазақстан Республикасының
Кеден комитетiне "Қазақстан Республикасы Кеден комитетi Орталық
аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995
жылғы 19 желтоқсандағы N 1797 қаулысымен белгiленген қызметтiк жеңiл
автомобильдер лимитi 4 автомобильге көбейтiлсiн.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
           орынбасары