Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 наурыздағы N 299 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 28 маусымдағы N 810. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн кiшi командалық құрамның кадрларын даярлау мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Кадет корпусы құрылсын.
      2. Былай деп белгiленсiн:
      1) Кадет корпусы оқушыларының жалпы санын 360 адам құрайды;
      2) Кадет корпусының орналасатын жерi Көкшетау облысының Щучинск қаласы болып табылады.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) Кадет корпусы туралы ереженi әзiрлеп, бекiтетiн болсын;
      2) Кадет корпусын орналастыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету мәселелерiн 1996 жылға арналған республикалық бюджетте қорғаныс үшiн көзделген қаражат шегiнде шешсiн;
      3) Кадет корпусында оқу процесiнiң 1996 жылғы 1 қыркүйектен басталуын қамтамасыз етсiн;
      4) Кадет корпусы кешенiнiң объектiлерiн салуға кiрiсетiн болсын;
      5) Кадет корпусының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қолдансын.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


      Қазақстан Республикасының
      Президентi