"Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгiн сату туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 10 маусым N 724

      "Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты" акционерлiк қоғамын қаржылық-экономикалық сауықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiм iшiнде "Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты" акционерлiк қоғамы акцияларының 60 процентiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне "Dalex Trading Limited" компаниясының сатуы үшiн беретiн

болсын.
     2. "Шығыс  Қазақстан  мыс-химия  комбинаты" акционерлiк қоғамының
акциялары мемлекеттiк пакетiнiң сатылмаған бөлiгi Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
комитетiне қалдырылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi