Ақтөбе облысының тұтынушылары үшiн электр энергиясына тарифтер туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1966 жылғы 31 мамыр N 670. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.02.07. N 179 қаулысымен.

      "Запказэнерго" Батыс Қазақстан энергетика жүйесi жабдықтайтын Ақтөбе облысындағы электрмен жабдықтаудағы дағдарысты болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Запказэнерго" Батыс Қазақстан энергетика жүйесiне Ақтөбе

облысы үшiн республикадан тысқары жерлерден электр энергиясын сатып
алуға шарт жасауға рұқсат етiлсiн.
     2. 1996 жылдың 1 маусымынан бастап Ақтөбе облысы үшiн:
     электр энергиясын босату тарифi 1 кВт. сағатқа 3 теңге
мөлшерiнде;
     халыққа арналған электр энергиясына тариф 1 кВт. сағатқа 3
теңге мөлшерiнде белгiленсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi